«Тур де Франс»: Алексей Луценко үшінші орынға көтерілді

4 Шілде 2021, 13:12
1125
Бөлісу:
«Тур де Франс»: Алексей Луценко үшінші орынға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан «Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңі аяқталды.

Бұл кезең 150.8 шақырымды құрады. Мәреге  «Bahrain-Victorious» командасының бельгиялық шабондозы Дилан Тёнс келді. Екінші орынға «Астананың» испаниялық өкілі Йон Исагирре тұрақтады. «Israel Start-Up Nation» командасының намысын қорғайтын канадалық Майкл Вудс үздік үштікте.

«Астана» көшбасшысы Алексей Луценко жалпы есепте үшінші орынға көтерілді. 

«Тур де Франс». Сегізінші кезең. Ойонна Ле Гран-Борнан. 150.8 км

1. Дилан Тёнс (Бельгия, «Bahrain-Victorious») – 3:54:41

2. Йон Исагирре (Испания, «Астана») – +0:44

3. Майкл Вудс (Канада, «Israel Start-Up Nation») – +0:47

4. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») – +4:09

5. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») – +15:50

6. Омар Фраиле (Испания, «Астана»)

7. Уго Уль (Канада, «Астана») – +28:41

8. Алекс Аранбуру (Испания, «Астана») – +30:21

9. Стефан Де Бод (ОАР, «Астана») – +31:25

10. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») – +35:01

Жалпы командалық есеп:

1. Тадей Погачар (Словения, «UAE-Team Emirates») – 29:38:25

2. Ваут Ван Арт (Бельгия, «Jumbo-Visma») – +1:48

3. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») – +4:38

4. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») — +17:14

5. Йон Исагирре (Испания, «Астана») – +29:18

6. Уго Уль (Канада, «Астана») – +38:01

7. Омар Фраиле (Испания, «Астана») – +41:02

8. Алекс Аранбуру (Испания, «Астана») – +48:46

9. Стефан Де Бод (ОАР, «Астана») – +50:13

10. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») – +1:10:54.



Өзгелердің жаңалығы