Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты құлдықта ұстаған

4 Шілде 2021, 07:47
3217
Бөлісу:
Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты құлдықта ұстаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында шаруа қожалығының иесі 59 жастағы азаматты 3 ай бойы құлдықта ұстағаны анықталды. 

Оқиға Бейнеу ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Кәсіпкер жәбірленушіні наурыз айынан бастап қорқытып, ауыр жұмыстарға жеккен. Ұрып-соғып, бір тиын жалақы төлемеген. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Егер кінәсі дәлелденсе, шаруа иесі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің Криминалды полиция қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел іс-шарасын өткізу барысында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісін анықтады. Тұрғынның айтуынша, С есімді ер адам оған қатысты күш қолданған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы, 3-бөлігіне сәйкес Бейнеу аудандық Полиция бөлімінде тіркелген, – дейді МО ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айғаным Рахметова.


Өзгелердің жаңалығы