Алматыда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетілді

4 Шілде 2021, 15:16
2595
Бөлісу:
Алматыда көпбалалы аналарға тегін қызмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана күніне орай Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаладағы №5 клиникалық ауруханада 40 көпбалалы ана тісін тегін емдетті. Науқастарды білікті стоматологтар қабылдады. Қайырымдылық акциясы астана күніне орайластырылған.  

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының басшысы Толқын Саметоваға көпбалалы әйелдер тіс емдеудің қымбат екенін, бұл медициналық көмекті алу оңай емес екенін айтқан. Сондықтан мұқтаж жандарға көмектесуге шешім қабылдадық. Бүгін стоматологтар 40 көпбалалы ана мен мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдады, – дейді Толқын Саметова.

Өзгелердің жаңалығы