COVID-19. 578 адамның жағдайы ауыр

4 Шілде 2021, 09:10
2151
Бөлісу:
COVID-19. 578 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы  4 шілдедегі ақпаратты жариялады.

4 шілдедегі мәлімет бойынша 29 961 адам коронавирус инфекциясынан (28 614 КВИ+ және 1 347 КВИ-) емделуде, олардың ішінде  9 082 пациент стационарда,  20 879 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:  578 адамның жағдайы ауыр,  118 пациенттің жағдайы өте ауыр,  72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 70 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 62 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 57346, 1004 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52536-ға жетті.

COVID-19. 578 адамның жағдайы ауыр
Өзгелердің жаңалығы