Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты
4 Шілде 2021, 19:05 827

Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Бейжің уақытымен сағат 11:02-дегі жағдай бойынша қытайлық ғарышкерлер Лю Бомин мен Тан Хунбо «Тяньхэ» ғарыш стансасы негізгі модулінің тораптық кабинасынан ашық ғарышқа шықты деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі. 

Лю Бомин тораптық кабина люгінің есігін жексенбі күні сағат таңғы 08:11-де ашты. Ғарышкерлер Қытайда кемеден тыс қызметке арналған «Фяйтянь» («Ғарышқа ұшу») деп аталатын жаңа үлгідегі ғарыш скафандрларын киген. Лю Бомин мен Тан Хунбо ашық ғарыш кеңістігінде болып, бірқатар міндетті орындап шықты. Олар бірлесіп механикалық тетіктің көмегімен ғарыш стансасының тиісті кемеден тыс жабдықтарды құрастыру жұмыстарын орындауын жалғастырып келеді. 

Үшінші ғарышкер Не Хайшэн негізгі модульде қалып, Лю Бомин мен Тан Хунбоға кемеден тыс қызметті жүзеге асыруға көмектесті. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай орбиталық станса құрылысын жүргізуге ғарыш кемесін ұшырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...