Все новости за 15 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Альварестің не үшін Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SerEbro EnlosDeportes YouTube-арнасы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) не үшін қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жұдырықтасудан бас тартқанын айтты.
-
ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да бизнесті заңсыз тексергендер анықталып жатыр, деп хабарлайды ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.
-
Атырауда нәрестені қасақана өлтірген дәрігерлердің шағымы қарала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда сот жаңа туған шақалақты өлдіге санап, тоңазытқышта қатырған дәрігерлерге қатысты апелляциялық шағымды қарауды бастады.
-
4700-ден астам студент кәсіптік-техникалық бағытта тегін оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 15 бағыт бойынша және 4752 орынға 49 ең қажетті мамандық бойынша қалыптастырылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 1050 орын.
-
Шетелдік инвесторлар Шығыс Қазақстан облысында ет өңдеу кешенін салады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ қолдауымен ет өңдеу кешенін салу жоспарлануда. Жобаны «Eco Meat Vostok Ltd» компаниясы FinSight Ventures инвестициялық қоры мен Brown & Co ағылшын компаниясының қолдауымен іске асырмақ.
-
Семейде 24 жастағы бойжеткен 4-қабаттың терезесінен құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында 24 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
-
Дариға Назарбаева: Үй жануарларының есебін жүргізу қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Вера Ким, Елдос Абаканов Нұр-Сұлтан қаласындағы «СтопОтлов» жануарлар баспанасы мен қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған «Астана ВетСервис» базасындағы уақытша ұстау изоляторына барды.
-
Жақсылық Оспанов: Қызылордада кенжелеп қалған спорт түрі жоқ
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалықтардың 30 пайыздан астамы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Халықты спортқа тартып, қызығушылығын арттыру үшін 138 елді мекенде 282 спорт нұсқаушысы жұмыс істейді. Осы және өзге де бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу үшін облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспановпен сұхбаттасқан едік.
-
Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 24 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мәскеу мэрі коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлім етті деп хабарлайды РИА Новости.
-
Мәжбүрлі еңбекті орындамаған азамат бас бостандығынан айыру жазасына кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі А. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған.
-
Тағы бір қазақстандық вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханада 18-50 жас аралығындағы еріктілердің қатысуымен QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының клиникалық сынағы басталды.
-
Алматылық спортшылар коронавирусқа қарсы екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. ҚР Регби бойынша ұлттық әйелдер құрамасы, сондай-ақ «Азия Спорт» регби клубы мен жағажай волейболынан ҚР құрамасының ойыншылары коронавирусқа қарсы екпе алды.
-
«Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 2-томы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы бағыттардың бірі – «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында жарық көрген «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 2-томының тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Елбасы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды.
-
Егер Ashyq қызыл мәртебені қате көрсетсе, онда жолаушы вокзалға кіргізіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Ashyq қызыл мәртебені қате көрсетсе, онда жолаушы вокзалға кіргізіле ме? Бұл сұрақты журналистерге «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн жауап берді.
-
Неліктен Ashyq қызыл немесе сары мәртебені көрсетсе, пойыз билетінің тек 50%-ы қайтарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Ashyq жолаушының қызыл немесе сары мәртебесін анықтаса, онда пойыз билетінің 50%-ы ғана қайтарылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн неліктен билет құнының 50%-ы ғана қайтарылатынын түсіндіріп берді.
-
Чехия вакцинация төлқұжаты бар туристерді қабылдай бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехия «Спутник V» немесе «Sinopharm» вакциналарымен егілген Словакия, Венгрия және Сербия тұрғындарына ПТР зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтамасыз, сондай-ақ, міндетті карантинсіз елге кіруге рұқсат берді.
-
Мұны ескермеуге болмайды. Қиясов әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны болу қаупі туындады.
-
Ashyq: Сары не қызыл мәртебесі бар жолаушылар пойыз билетінің ақшасын қалай қайтарып алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ashyq қосымшасында қызыл немесе сары күй анықталған кезде жолаушыларға пайдаланылмаған билеттерді қайтару үшін не істеу керек? Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн түсіндіріп берді.
-
Бюджет тапшылығын ушықтырмау үшін Ұлттық қорға жүгіндік – Жамаубаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.
-
Смартфоны және Ashyq қосымшасы жоқ жолаушылар вокзалға қалай кіргізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жол» вокзал кешенінің менеджері Батырхан Әбдікәрім Ashyq қосымшасы арқылы жолаушыларды кіргізетін кезде ешқандай проблема болмайтынын айтты.
-
Қосымша құн салығы кәсіпкерлерге одақ шеңберінде тауар алмасуға кедергі емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Енді жолаушылар «Нұрлы жол» вокзалына Ashyq арқылы ғана кіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Нұрлы жол» вокзал кешенінде Ashyq жүйесі тест режимі түрінде енгізілді. Вокзал кешенінің менеджері Батырхан Әбдікәрім жүйенің қалай жұмыс істейтінін айтып берді.
-
Алматы тауларындағы 8 көлді босату жұмысы басталады – ТЖД
Алматы, BAQ.KZ. Биыл Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 8 көлді босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
-
Министр бюджет тапшылығы қай кезде пайда болатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сауалына жауап беру кезінде айтты.
-
Мұнай экспортының кедендік баж салығы неге Ұлттық қорға емес, бюджетке түседі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.
-
Картоп қалай стратегиялық маңызға ие өнім болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшысының айтуынша, картоп маусымдық өнім болған соң қымбаттады және жақында бағасы реттеледі. Алайда басқа азық-түлік бағасының өсуін жоққа шығаруға болмайды.
-
Депутат Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың спортшыларын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубында болып, жаттықтырушылар мен спортшыларды жеткен жетістіктерімен құттықтады.
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.
-
Нарынқолда денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы Нарынқолда спорттық кешеннің ашылу салтанаты өтті.
-
Нұр-Сұлтанда оқшаулау режимін бұзғандарға айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары карантин және оқшаулау режимін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады. Айыппұл сомасы шамамен 90 мың теңгені (30 АЕК) құрайды.
-
Алматы облысында бизнесті заңсыз тексергендер жазаланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін заңсыз тексеріп, профилактикалық бақылау жүргізудің 244 фактісі анықталды, оның ішінде мораторий талаптарын бұзған 128 дерек анықтады. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасы хабарлады.
-
Мемлекет басшысы «Айқын экономика» ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
НАТО саммиті аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. НАТО өзінің стратегиялық тұжырымдамасын құратын болды. Уағдаластыққа Брюссельде өткен Альянске мүше елдер басшыларының кездесуінде қол жеткізілді. Бұдан бөлек ұйым жаңа технологиялар жасайтын орталық ашып, осы мақсатта инновациялық қор жасақтамақ.
-
Алматыдағы педагогика университетінің 298 оқытушысы екпе салдырды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов оқытушылар қауымы коронавируске қарсы екпені жаппай салдырғанын атап өтті.
-
Алматыда жаңадан ашылған Әлеуметтік қызметтер үйі халыққа 2600 қызмет көрсетіп үлгерген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Әлеуметтік қызметтер үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифингте айтты.
-
Әшімбаев Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.
-
Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.
-
Электр бағанына шығып алған маймылды түсірмек болған адам қару қолданған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында қожайынынан қашып, электр бағанына шығып алған маймыл полицейлердің назарына ілікті.
-
Сапасыз үй жыры: Олқылықтарға жол берген СҚО ауданының екі әкімі қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
АШМ-ға қатысты тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ іс-әрекетінде бәсекелестікті шектеу белгілері анықталған.
-
«ЛУКОЙЛ» басшысы Тоқаевқа есеп берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
2 млрд ағаш отырғызуға 22 млрд теңгедей қаражат бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова 5 жыл ішінде отырғызылатын ағаштарға қанша қаржы бөлінетіні туралы айтты.
-
2022 жылы елімізде 244 млн ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу жобасы туралы айтып берді.
-
Қаржы министрлігіне бағынатын акционерлік қоғамдардың немен айналысатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтып берді. Оның айтуынша, министрлікке бағынысты компаниялар өз қызметтерін сәтті атқаруда.
-
Ұлыбритания премьері карантиндік шектеуді жеңілдету шараларын бір айға шегерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон өткен жылдың наурыз айында СOVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеуді жеңілдету шараларын бір айға шегерді.
-
Алакөлге жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 15 маусымынан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет жүреді.
-
Жамаубаев: Біздің міндет – елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған бюджет құру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
Қиясов: Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны орын алу қаупі туындады.
-
Колледждерге мемлекеттік тапсырысты бөлудің жаңа тетігі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова онлайн брифинг барысында айтты.
-
Елорда колледждерінде мемлекеттік тапсырыс артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова онлайн брифинг барысында Техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне түсуде қандай өзгешеліктер енгізілгенін баяндады.
-
АҚШ-та маска кию туралы ескерту жасаған кассирді атып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүкенге келген адам кассирдің маска кию туралы ескертуінен кейін оған оқ атқан. Содан кейін қаскөй дүкен күзетшісін де жарақаттаған.
-
Қаржылық бұзушылықтар үшін екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
Мемлекеттің кірістері мен шығыстарының сомасы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
Мамин еңбек қауіпсіздігін бақылайтын онлайн платформа әзірлеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин министрліктер мен әкімдіктерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға қатысты тапсырма берді.
-
Мамин министрлер мен әкімдерге 5 бірдей тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға байланысты министрлер мен әкімдерге жаңа тапсырма берді.
-
Олимпиада ойындарына Жетісудан кімдер қатысатыны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Токиода өтетін төрт жылдықтың басты додасына Алматы облысынан бүгінге дейін 11 спортшы лицензия ұтып алған.
-
Ильин өндірістік объектілердегі апаттардың негізгі себептерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қауіпті өндірістік объектілерге жүргізілетін тексеру жұмыстарының барысы туралы айтып берді.
-
Мамин электромобильдерді көбейтуге ниетті екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин электр көлігінің көбеюін ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру керектігін айтты.
-
5 айда жазатайым оқиғадан 564 адам зардап шекті – Еңбекмин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов биыл жазатайым оқиғаның салдарынан 564 адамның зардап шеккенін айтты.
-
Тоқаевқа бұрынғы депутаттардың біреуі кеңесші болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мейрам Пішембаев Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
-
Сағынтаев Алматының ауасына не зиян келтіретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың экологиясына не зиян келтіретінін айтты.
-
Министр экологиялық ахуалды жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға арналған жол карталары туралы айтты.
-
Полиция көлігі әйелді 5 метрге ұшырып жіберді – куәгерлер оқиғаның мән-жайын баяндады
Алматы, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай 14 маусым күні таңғы сағат 07.00 шамасында Алатау ауданындағы көлік жуу орталығының маңында болған. Өтемісұлы көшесінің бойымен келе жатқан полицей марқұм әйелді осы жерде қағыпты. Куәгерлердің айтуынша, күдікті полицей алдымен темір қақпаны соғып кейін әйелді қаққан.
-
Атырау халқы күлімсі иістен қашан құтылатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы бойынша «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру басталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
-
Эпиджағдайды бақылауда ұстау қажет: Мамин вакцинациялауды күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин әкімдіктерге вакцинациялауға қатысты тапсырма берді.
-
Алматыда былтыр егілген ағаштар шетінен қурап жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өткен жылы қарашада егілген талдар шетінен қурап жатыр. Мұндай көріністі қаланың әр аумағынан байқауға болады.
-
Ashyq теміржол вокзалдарына да енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жүйесі елдегі теміржол вокзалдарына да енгізілетінін айтты.
-
Министр ауасы ең қатты ластанған 10 қала туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататын 10 қаланы атады.
-
Цой вакцинациялау көрсеткіші төмен облыстарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау процесі қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
-
КВИ-ден емделіп жатқан науқастар саны азайып келеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой стационарларда коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны азайып келе жатқанын айтты.
-
Цой елдегі эпиджағдай туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикадағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап берді.
-
Депутат: Әкімдерді тікелей сайлау өңірлерде демократияны ілгерілетуге ықпал етеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президент бастамасымен елімізде биылғы жылдың екінші жартысында ауыл әкімдері тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Аталған реформа қандай нәтижелерге әкелуі тиіс екендігі туралы Ақмола облысының туристік ассоциациясының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Сұлтанов айтып берді.
-
КВИ мен пневмониядан 10 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 маусымдағы ақпаратты таратты.
-
Тағы бір облыс «жасыл» аймаққа өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Коронавирус. 69 науқас ӨЖЖ аппаратымен демалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 маусымдағы ақпарат жарияланды.
-
Атырауда жоғалған балалар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады.
-
1065 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1065 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 757 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
СҚО полицейлері белгіленбеген жерде суға түсудің 25 жағдайын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері белгіленбеген жерде суға түсудің 25 жағдайын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Әлеуметтік желі арқылы діни экстремизмді насихаттағандар қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизмді насихаттаған күдіктілер ұсталды.
-
Сауд Арабиясындағы мектепке миналанған дрон құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы Асир провинциясындағы мектепке жарылғыш заттар толтырылған ұшатын аппарат құлады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
-
Қар барысы күндіз фототұзаққа түсіп қалды – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-ға 4 талапкердің орнына тестілеуге елордалық екі жоғарғы оқу орнының 4 студенті қатыспақ болған.
-
Ресейде туристер мінген автобус аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленинград облысындағы Верхние Мандроги ауылының маңында экскурсиялық автобус аударылып қалды, апат салдарынан 10 адам зардап шекті.
-
Оқушылардың каникул күндері қысқартылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерін бекіту туралы бұйрық жобасын талқылауға ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
«Нұрлы жол» вокзалы да Ashyq арқылы жұмыс істейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы 17 маусымнан бастап Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейді.
-
Германия бетперде тағуды міндеттемейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия карантин талаптарының кейбірін алып тастауды ұсынып отыр. Бұл туралы еліміздегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Наверх