Мәжбүрлі еңбекті орындамаған азамат бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

15 Маусым 2021, 19:57
3151
Бөлісу:
Мәжбүрлі еңбекті орындамаған азамат бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі А. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған.

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжбүрлі еңбекті атқару үшін азаматқа Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылдық округ әкімінің өкімі шығарылып, өкіммен азамат таныстырылған.

Алайда ол өз жауапкершілігін біле тұра сот үкімімен міндеттелген 100 сағат мәжбүрлі еңбекке кірісуден бас тартқан, оның түсінігі алынып, ескерту берілген.

Дегенмен ескертуден қорытынды шығармаған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін пробация қызметі Қармақшы аудандық сотына ұсыныс жолдаған.

Ұсыныс Қармақшы аудандық сотының қаулысымен қанағаттандырылып, сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 10 ай 21 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін де, биылғы сәуір айында Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі азамат сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбекті атқармағаны үшін Қармақшы аудандық сотының қаулысымен жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған болатын.


Өзгелердің жаңалығы