Егер Ashyq қызыл мәртебені қате көрсетсе, онда жолаушы вокзалға кіргізіле ме?

15 Маусым 2021, 18:39
3306
Бөлісу:
Егер Ashyq қызыл мәртебені қате көрсетсе, онда жолаушы вокзалға кіргізіле ме?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер Ashyq қызыл мәртебені қате көрсетсе, онда жолаушы вокзалға кіргізіле ме? Бұл сұраққа «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн жауап берді.

 

Егер қате пайда болса, оны біз түсінуге тырысамыз, - деді Виктор Бошманн .

 

Журналистермен кездесу барысында ол, сондай-ақ, егер Ashyq қызыл немесе сары мәртебені анықтаса, бірақ адамның теріс нәтижесі бар жаңартылған ПТР тесті болса, ондай қандай шара қабылданатыны туралы сұраққа жауап берді.

 

Егер дәрігердің қаулысы бар болса, оны анықтау керек деп ойлаймын. Менің ойымша, оның тіпті вокзалға кіруге мүмкіндігі бар. Мұны сол мезетте шешу керек. Бірақ егер қате болса және біз бұл қатені растайтын адамның құжаттарын көретін болсақ, біз оны 100% қайтаруға дайынбыз, - деп жауап берді «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі.

 

Еске сала кетейік, вокзал қызметкерлері жолаушылардан вокзалға келмес бұрын өз мәртебелерін www.ashyq.kz cайтындағы бейтарап QR-код арқылы немесе басқа да қосымшалар арқылы тексеруді сұрады.

Жолаушылардан қызыл немесе сары мәртебе анықталған жағдайда олар жүру билеттерін қайтара алады. Ол үшін төмендегі алгоритмді орындау қажет:

1. WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы bilet.railways.kz сайтында көрсетілген телефон нөміріне (+7 707 270 36 64) орынды тапсыру үшін жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін/скриншотын; «Ashyq» қосымшасындағы статустың фотосуреті/скриншотын; жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуретін (төлқұжат/куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) жіберуі керек.

2. Алты ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) жолаушы жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын алып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кез келген кассасына бара алады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қайтару туралы (1-тармақты ескере отырып) өтініш жаза алады.

Өзгелердің жаңалығы