Министр ауасы ең қатты ластанған 10 қала туралы айтты

15 Маусым 2021, 09:49
3746
Бөлісу:
Министр ауасы ең қатты ластанған 10 қала туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататын 10 қаланы атады.

Бүгінгі күні өңірлердің негізгі экологиялық проблемалары - атмосфералық ауаның, жерүсті суларының ластануы және қалдықтармен жұмыс істеудің жетілмеген жүйесі болып отыр.

Мәселен, атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары, - деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ластаушы заттардың шығарындыларының жалпы көлемі  2,5 млн тоннаны құраған.

Жерүсті суларының ластануының негізгі себептерінің бірі - ескірген кәріз тазарту нысандары болып отыр. Былтыр республика бойынша ластаушы заттар төгінділерінің жалпы көлемі 1,1 млн тоннаны құрады. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу проблемасы да шешілмей тұр. Атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, оларды өңдеу деңгейінің төмендігі және апатты үйінділер, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы