КВИ-ден емделіп жатқан науқастар саны азайып келеді – министр

15 Маусым 2021, 09:32
1925
Бөлісу:
КВИ-ден емделіп жатқан науқастар саны азайып келеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой стационарларда коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны азайып келе жатқанын айтты.

Республика бойынша 15 маусымдағы ахуал бойынша жұқпалы аурулар төсегінің жүктемесі – 23% (6 655 төсек), реанимациялық төсектің жүктемесі – 21%-ды (568 төсек) құрайды.

Жұқпалы аурулар стационарларындағы жоғары сырқаттанушылық және төсек орындарына байланысты жүктеме 7 өңірде байқалды. Аталған аймақтарға министрліктің жұмыс тобы жолға шықты. Денсаулық сақтау басқармаларына өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудағы анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынымдар берілді, - деп атап өтті Цой.

Оның сөзінше, жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша инфекциялық және реанимациялық төсектер жүктемесінің оң динамикасы байқалады.

Бірқатар өңірде көпбейінді ауруханаларда инфекциялық бөлімшелердің жабылуы есебінен төсек қорының қысқаруы байқалады. Мысалы, 19 сәуірмен салыстырғанда Алматыда төсек қорының қысқаруы 5,6 есеге, Алматы облысында 15 маусымдағы жағдай бойынша 3,6 есеге қысқарды, - дейді Денмин басшысы.

Цой баяндағандай, соңғы айда КВИ+ және КВИ-пен ауыратын науқастардың саны тәулігіне 2 505-тен 757 жағдайға дейін немесе 3,3 есеге азайды, стационарлық емделіп жатқан науқастардың саны 2,1 есеге, амбулаториялық емделуде 1,7 есеге азайды.

Өзгелердің жаңалығы