АҚШ-та маска кию туралы ескерту жасаған кассирді атып тастады

15 Маусым 2021, 11:40
3135
Бөлісу:
АҚШ-та маска кию туралы ескерту жасаған кассирді атып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүкенге келген адам кассирдің маска кию туралы ескертуінен кейін оған оқ атқан. Содан кейін қаскөй дүкен күзетшісін де жарақаттаған.

АҚШ-тың Джорджия штатында супермаркеттердің бірінде қорғаныс маскасын кию туралы дау қайғылы аяқталды. Салдарынан дүкен кассирі қайтыс болды. Бұл туралы Fox 5 хабарлады.

Белгілі болғандай, 30 жастағы ер адам азық-түлік дүкеніне кіріп, кассадағы қызметкердің маска кию туралы ескертуінен кейін онымен сөзге келіп қалған. Күдікті дүкеннен ештеңе сатып алмай шығып кетіп, бірақ көп ұзамай қайта оралып, кассирді атып тастаған.

Содан кейін ол супермаркеттің күзетшісіне де оқ жаудырған. Екеуі де жарақат алды.

Оқыс оқиға салдарынан барлығы ауруханаға жатқызылды. Кассир ауруханада қайтыс болды, ал шабуыл жасаған адам мен күзетшінің жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Аталған жағдайға байланысты қылмыстық тергеу басталды.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын алған азаматтар бетперде кимей, қашықтықты сақтамауға құқылы.

Өзгелердің жаңалығы