Қиясов: Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр

15 Маусым 2021, 12:02
3090
Бөлісу:
Қиясов: Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны орын алу қаупі туындады.

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті, - деді ол.

Оның сөзінше, Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендеген. Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандастарымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. 

Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахаулы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды. Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын. Вакцинация сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцинация сізге әуежайларда еш қиындықсыз елге оралуыңызға, әрі өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Қиясов.
Өзгелердің жаңалығы