Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді

15 Маусым 2021, 14:05
1694
Бөлісу:
Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.

Пандемия бірқатар салаға, оның ішінде әсіресе шағын және орта бизнеске де өз зардабын тигізді. Аталған салаға түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіліп келеді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған кезең ішінде өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 357 млн теңгеге 130-дан астам өтеусіз грант берілді.

Гранттар алуға өтінімдер саны жыл сайын артып келеді. Айталық, өткен жылы 169 өтінім келіп түсті, оның ішінде 43-і жас кәсіпкерлерден. Барлығы 26 өтінім мақұлданды. Биыл гранттық қаржыландыруға бастапқыда 79 млн теңге қарастырылған. Алайда, объективті себептерді ескере отырып, бұл сома, сондай-ақ гранттың ең жоғары мөлшері ұлғайтылды. 2021 жылы гранттық қаржыландырудың жалпы сомасы 160 млн теңгені құрайды. Гранттық қаражатты толық игеру қыркүйек-қазан айларында жоспарланған, – деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.

Оның мәліметінше, микрокредиттер бойынша биылғы жоспар – бір жарым мың несие беру. Бағдарлама арқылы қалалар мен моноқалаларда шағын және орта бизнесті шағын несиелендіру жобасы «Даму» қоры, ауылдық жерлерде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жүзеге асырылады. Биыл несиелеу сомасы 885 млн теңгеге жеткізіледі деп жоспарланған.

2021 жылдан бастап «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру бойынша жаңа бағыт енгізілді. Облысқа қосымша қомақты сома – 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы әкімші болып белгіленді, – деп нақтылады басқарма басшысы.

Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жыл сайын несиелендіру қарастырылған. Оған өңірлік бизнес белсенді қатысады, бағдарлама кәсіпкерлердің сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып үнемі жетілдіріліп отырады.

Қоғамдық кеңес отырысында «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов әрбір мемлекеттік қолдау бағдарламасының басты мақсатына тоқталды.

Бұл бюджет қаражатын уақтылы игеруден ғана емес, осы көрсеткіштен жоғары тиімділіктен тұрады. Басқаша айтқанда, шағын және орта бизнеске бөлінген қаражат бюджетке сол салық аударымдары түрінде қайтарылуы керек. Бұл үшін әкімшіліктер әр жобаны басынан аяғына дейін сүйемелдеп, аудиториямен мақсатты жұмыс істеу алгоритмін қайта қарастыруы керек, – деп нақтылады Ғалым Бекмағамбетов.

Оның пікірінше, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін іс-қимылға басшылық мәртебесіне ие. Осы ретте, шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмысты жандандыру, жаңа жобалар іздеу қажет.


Өзгелердің жаңалығы