Ресейде туристер мінген автобус аударылып қалды

15 Маусым 2021, 03:15
1880
Бөлісу:
Ресейде туристер мінген автобус аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленинград облысындағы Верхние Мандроги ауылының маңында экскурсиялық автобус аударылып қалды, апат салдарынан 10 адам зардап шекті.

Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ішінде 45 адам болған. Оқиға орнында төрт жедел жәрдем тобы, сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді. 10 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің жетеуі Подпорожьедегі ауруханаға, тағы үшеуі Лодейное Поляға жеткізіледі, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сүйенсек, автобуста болған 45 адамның жетеуі балалар. Олар жарақат алмаған. Сондай-ақ қаза тапқандар жайлы ақпарат жарияланбады. Айта кетейік, ресейлік сайттарда автробуста барлығы 47 адам болған деген дерек бар.

Өзгелердің жаңалығы