ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған

15 Маусым 2021, 04:35
3092
Бөлісу:
ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰБТ-ға 4 талапкердің орнына тестілеуге елордалық екі жоғарғы оқу орнының 4 студенті қатыспақ болған.

Ол үшін жалған құжаттар да жасалған. Дегенмен, тұлғаны цифрлық сәйкестендіру Face-ID жүйесі аталған кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жүйе биыл ҰБТ тапсыратын барлық орталықта енгізілді.

Бөгде тұлғалар аудиторияға кіре алмады, өйткені ҰБТ-ға кіргізу тұлғаны сәйкестендіру Face ID бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама тіпті егіздерді де анықтай алады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ тапсыру кезінде мектеп оқушылары тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтарды қалай анықтау керектігін жақсы біледі. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында «Алтын белгі» иегері да бар, – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.
Тестіленушілер мен бөгде тұлғаларға қатысты ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биыл ҰБТ тапсыру нысандарында үш сатылы жүйе енгізілген. Атап айтсақ, тестіленуші жеке куәлігін көрсетеді, кейін Face-ID жүйесінен өтеді. Сондай-ақ әрбір тестілеушінің алдында камера орнатылған.
Өзгелердің жаңалығы