Все новости за 28 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қытайда банан арқылы жаңа вирус тарап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнет қолданушылары Синьхуа (Қытай) ауруханасында 23 адамның өліміне себеп болған n7n9 жаңа вирусы туралы ескертуде.
-
Атырау облысында сушиден жаппай улану фактісі тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Құлсары қаласында жаппай улану оқиғасы тіркелді. 16 жергілікті тұрғын диарея, жүрек айнуы мен құсу сияқты шағыммен орталық аудандық ауруханаға түсті. Олардың барлығы да сушиді бір мекемеден тапсырыспен алдырған, деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" газеті.
-
Жол саласындағы қызметтерде мамандар жетіспейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК 2020 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік материалдарының 27,4 мыңнан астам сынамасы сыналғанын хабарлады.
-
Назарбаев атындағы университеттің факультетіне Момышұлының есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жалпы әскери факультетіне аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілді.
-
Мусин: Атқарылған істердің нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және инновациялар салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы өтінішке қол қойды.
-
Сұлтанов: Бизнестің өзі тұтынушыға бағытталатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов биылғы жылдың ауыр болғанына қарамастан сауда саласында жақсы ілгерлеушілікпен өткенін айтты. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
ИИДМ екі күнде 2 млн шаршы метр баспана салмақшы ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жыл соңына дейін 2 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарулы Күштерде жемқорлық үшін сотталғандар саны азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосында Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жоспар бекітілді.
-
«ADAL» партиясы Еуроодақ елдері өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» саяси партиясы 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3583 кездесу өткізіп, оған 71256 адам қатысқанын мәлімдеді.
-
СІМ мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания қол жеткізген Сауда және ынтымақтастық туралы келісіміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еліміздің 8 облысында ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.
-
2006 жылғы банкноттарды айырбастау аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша "Ұлттық банк" филалының қолма-қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.
-
«Ауыл» партиясының өкілдері Өскеменге барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ауыл» партиясының мүшелері Рабиға Тосейітова мен Фарид Әбітаев бастаған топ Өскемендегі «Астана-Бизнес» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Абай кесенесіне барды.
-
«Ақ жол» партиясының мүшелері кітапханашылармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері Дания Еспаева мен Сұлтан Хан Жүсіп Ұлттық кітапхана ұжымымен кездесті.
-
Маңғыстау облысындағы барлық сайлау учаскелеріне байқаушылар қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында Маңғыстау облысы бойынша барлық сайлау учаскелеріне байқаушылар қатысады.
-
БЖЗҚ-дағы ақша. Емдеу шараларына пайдалануға бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зейнатақы қорындағы жинақтың бір бөлігі қандай ем шараларына жұмсалатынын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бастығының міндетін атқарушы Гүлнар Сәрсенбаева айтып берді.
-
Елбасы Ермекбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Зейнетақы қоры арқылы тұрғын үй алушылар үшін онлайн портал ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы банкі» зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін шешу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартушыларға арнап онлайн платфороманы іске қоспақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.
-
Елбасы Досаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Алматылық «Сфера» онлайн платформасында 4 мың сабақ өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Білім басқармасы алқасының онлайн-отырысы барысында жұмыс қорытындысы мен қалалық білім беру жүйесін одан ары дамыту жоспарлары қаралды.
-
Зейнетақы қорындағы ақша қанша уақытта аударылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зейнатақы қорындағы ақшаның бір бөлігін шешу қалай жүзеге асырылатынын бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы Жанат Құрманов айтып берді.
-
Головкин жүз мыңдаған баланың өмірін құтқаруға арналған жобаны қолдады
Алматы, BAQ.KZ. Геннадий Головкин жаңа туған балалардың өмірін құтқаруға бағытталған AYALA қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» жобасын қолдады.
-
Шетелдік банктерде шоты бар мемлекеттік қызметші өзінің мемлекетіне сенбейді – Бәшімов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Агенттіктің АМТ мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты.
-
Зейнетақы қорынан кімдер және қанша теңгесін шеше алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 желтоқсанда қабылданған Зейнетақы қорындағы ақшаны алу туралы Заң бойынша келер жылдан бастап жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емдеу, басқарушы комапнияларға беру үшін шеше алады.
-
«Nur Otan» партиясының мүшелері ШҚО-да кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді.
-
Хартияда көрсетілген нормалар ҚРКФ принциптерімен сәйкес келеді – Күнәділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының өкілі Төлеген Күнәділов ҚРКФ республикалық штабының және кәсіподақ бақылаушыларының адал және ашық сайлауды қамтамасыз ету аясындағы жұмысының нәтижелерімен бөлісті.
-
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалалық және қала маңындағы бағыттар, экспресс-бағыттарды қоспағанда, жұмыс, демалыс және мереке күндері қатынайды. Бұл туралы CTS хабарлады.
-
Соловьева сайлау процесіне қатысушыларды Хартияға қосылуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хартия идеясының авторы, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева алдағы сайлау процесінде барлық бақылаушыларды біріктіруге шақыра отырып, осы құжат туралы айтып берді.
-
Алматыда полиция посттары қойылған жерде қылмыс 60% төмендеген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Сапарбаев қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусына қарсы қазақстандық QazCovid-in қазақстандық вакцинаны қабылады. Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді.
-
Елімізде Ұлыбританияда анықталған жаңа мутация тіркелген жоқ – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
АХҚО Соты мен ХТО 2020 жылды қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АХҚО Соты мен ХТО өзінің қызметін 2018 жылғы 1 қаңтарда бастады. Осы күнге дейін АХҚО Соты мен ХТО жалпы алғанда 296 істі табысты шешті, оның ішінде 291 іс 2020 жылда қарастырылды.
-
Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
-
Биліктегі жастар саны артады деген үміттеміз – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Сайлау – 2021: жаңа мақсаттар мен міндеттер» сараптамалық талқылауы өтті.
-
Болатбек Баймаханов: Адамның донор болуға келісімін беруі – саналылықтың жоғары дәрежесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Трансплантология жағдайы қазіргі заманда елдегі медицина жағдайының басты көрсеткіші саналады. Себебі елдегі медицина дәрежесі адам ағзаларын алмастыру бойынша сәтті жасалған операциялар бойынша бағаланады.
-
Карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Марат Шоранов: Жаңа жылды туыс, доссыз қарсы алуға шақырамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматы кәсіпкерлерінің табысы 4%-ға төмендеген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – Шоранов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Иранда қар көшкінінен 12 альпинист қаза тапты
Алматы, BAQ.KZ. Иран астанасы Тегеранның солтүстігіндегі таулы жерде қар бұрқасынын болып, салдарынан 12 альпинист қаза тапты. Бұл туралы ирандық Тасним агенттігі хабарлады.
-
Алматыда бизнес-орталық өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Төле би көшесі бойындағы бизнес-орталық өртенді.
-
Сұлтанов: Мәжіліс қазақ тілінің дамуына ерекше назар аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтыншы шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің жұмысы ашық та нәтижелі болды. Осы бес жылға жуық уақыт ішінде Мәжілістің 186 жалпы отырысында 1207 заң жобаларына тікелей қатысты мәселе қаралды, деді Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.
-
Жемқор судьялар қатаң жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді.
-
Түркістан: Арыстың дамуы жаңа қарқында жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын тапты.
-
Курсанттың өліміне қатысты тексеру жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының курсантының қайтыс болу мән-жайын тексеріп жатыр.
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрлық құжаттар жиынтығын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.
-
Шымкентте көлік ұрлаудың ерекше әдісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте бір адам 11 көлікті тек таңғы сағат 4-6 аралығында ұрлап отырған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
-
Шетелден келген жолаушылардан COVID-19 анықталған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив аралдары, Египет, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 19 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға жол берілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға жол берілмейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
-
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 29-31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Аймағамбетов: Жастармен өзекті мәселелерді шешудің нақты стратегиясын жасаймыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ жанынан құрылған Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Ресейлік әртістер Димашты сынаған видеоға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Россия» телеарнасындағы «Привет, Андрей!» бағдарламасына қатысты.
-
COVID-19: 4 облыс әлі де «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған.
-
Қазақ спорты 2020 жылы несімен есте қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тарихтың қойнауына еніп бара жатқан 2020 жылдың оңай болмағанын елдің бәрі жақсы біледі. Әсіресе, коронавирус індеті, карантиндік шектеулер спортқа қатты әсер етті. Бірақ сонда да еңселерін түсірмей, жанкүйерлерін қуантқандары бар. Ендеше, 2020 жылғы қазақ спорты несімен есте қалды деген сұраққа жауап іздеп көрсек.
-
БАҚ: Еуропалықтар вакцинацияға күмәнмен қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалықтардың пікірінше, вакцина бойынша жұмыс бір жылдан астам уақытқа созылуы керек.
-
Отандық вакцина коронавирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) әзірленген Коронавирустық инфекцияға қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі өтуде.
-
Байқоңырдан «Протон» зымыраны үш есе көп ұшырылатын болды
Алматы, BAQ.KZ. Келесі жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ауыр класына жататын «Протон-М» үш рет ұшырылады деп жоспарланып отыр.
-
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 желтоқсанға Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
Ата-ана балабақшамен келісімді ұзарту не бұзуды қашықтан жасай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді ата-аналар өздері мен балабақша арасындағы қарым-қатынастардың барлық түрін ұзарту не бұзуды қашықтан жасай алады.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 28 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Коронавирустан 10 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 28 желтоқсандағы мәліметті жариялады.
-
COVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 821 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
Өткен тәулікте 733 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 желтоқсан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жариялады.
-
Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Наверх