Алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ?

28 Желтоқсан 2020, 11:43
1711
Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 29-31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі. 

Бірақ 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруіне байланысты, жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. 

Солтүстікте түнгі уақытта температура 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.



Өзгелердің жаңалығы