Елбасы Ермекбаевты қабылдады

28 Желтоқсан 2020, 18:44
1763
Бөлісу:
Елбасы Ермекбаевты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы