Курсанттың өліміне қатысты тексеру жалғасып жатыр

28 Желтоқсан 2020, 13:02
1553
Бөлісу:
Курсанттың өліміне қатысты тексеру жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының курсантының қаза болу мән-жайын тексеріп жатыр.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орта техникалық факультеттің 3-курс курсанты Саламат Өтегеновтің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына барды. Ішкі істер министрлігі атынан Саламаттың отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз, - деді ІІМ кадрлық саясат бөлімінің бастығы Айдар Сайтбеков.

Кешенді тексеру шеңберінде оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Оның айтуынша, Өтегенов өзінің курстастарынан түрлі сомада жиі қарыз алғаны, сондай-ақ букмекерлік конторада онлайн ақша тіккені анықталды. 

Қазіргі кезде ата-анасының уәжі, сондай-ақ академиядағы оқу-тәрбие процесі, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай тексеріліп жатыр. Жалпы тексеріс барысын министр жеке бақылауына алды. Ол академияға барып, Өтегеновтың қатарластарымен, оқытушылар құрамымен кездесті, - деді ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы.

Тексеру барысын Ішкі істер министрі жеке өзі бақылайтынын айтты. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, 13 желтоқсанда ас үйдің артқы бөлмесінде ішкі істер министрлігі Алматы академиясының курсанты 19 жастағы Саламат Өтегенов асылып тұрған күйінде табылды. Жігіттің ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында оқығаны анықталған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған оқиғадан кейін ІІМ Алматы академиясының бастығы қызметінен босатылды.


Өзгелердің жаңалығы