Алматыда бизнес-орталық өртенді

28 Желтоқсан 2020, 14:07
1620
Бөлісу:
Алматыда бизнес-орталық өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Төле би көшесі бойындағы бизнес-орталық өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 28 желтоқсан күні  сағат  12.27  кезінде Алмалы ауданы Төле би көшесі 286/4 мекенжайында ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарланған. 

Өрт сөндірушілер 6 минуттың ішінде келгенде, төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсе үй-жайының жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметі тобы адамдардың бар болуын анықтау үшін барлау жүргізілді, өрт ошағында адамдар табылған жоқ. Өрт 15 минут ішінде сөндірілді,-делінген хабарламада.

Қызыл жалын 30 шаршы метрге жайылып үлгерген.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы