«ADAL» партиясы Еуроодақ елдері өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

28 Желтоқсан 2020, 21:01
1428
Бөлісу:
«ADAL» партиясы Еуроодақ елдері өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» саяси партиясы 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3583 кездесу өткізіп, оған 71256 адам қатысқанын мәлімдеді.

Осы аралықта партияға 57 мың адам кірген, қазіргі уақытта партия мүшелерінің саны 111875 азаматты құрайды.

«ADAL» өкілдері тікелей кездесу форматын таңдап, өңір жұртшылығымен кездесті. 

Өңір тұрғындары қоршаған ортаның нашарлығы мен медициналық көмек алу проблемаларын айтқан.

«ADAL» партиясы сайлау нәтижелеріне қарамастан, жоғарыдағы проблемаларды шешумен айналысуды жалғастыра береді. 

Сондай-ақ, бүгін, 28 желтоқсанда Еуропалық Одақ елдерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Партия аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев «ADAL» партиясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бүкіл сайлау кезеңі ішінде белсенді өзара қарым-қатынас жасау туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы