Сапарбаев қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды

28 Желтоқсан 2020, 16:10
2244
Бөлісу:
Сапарбаев қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусына қарсы  қазақстандық QazCovid-in қазақстандық вакцинаны қабылады. Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті.

Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ-ы өзіміздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі  сәтті өтті, оларда жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүруде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімімен бірге С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожинге де отандық вакцина егілді.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынақтарының үшінші кезеңі жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы