Байқоңырдан «Протон» зымыраны үш есе көп ұшырылатын болды

28 Желтоқсан 2020, 10:08
3115
Бөлісу:
Байқоңырдан «Протон» зымыраны үш есе көп ұшырылатын болды

Алматы, BAQ.KZ. Келесі жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ауыр класына жататын «Протон-М» үш рет ұшырылады деп жоспарланып отыр. 

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3 есе көп, деп хабарлады РИА Новости.

Зымырандардың қай уақытта ұшырылатыны туралы кесте әлі бекітілмеген.

2020 жылы Байқоңырдан «Экспресс-80» және «Экспресс-103» спутникті байланысы бар «Протон» бір рет қана ұшырылған. Келесі жылы «Протон-М» үш рет ұшырылады, - деп жазды агенттік.

Өзгелердің жаңалығы