Еліміздің 8 облысында ескерту жарияланды

28 Желтоқсан 2020, 20:20
1210
Бөлісу:
Еліміздің 8 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 желтоқсан күнгі ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 29-31 күндері тұман түседі.

Шымкент және Түркістан қалаларында, Түркістан облысының кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы