Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

28 Желтоқсан 2020, 09:53
1767
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 желтоқсанға Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Ақмола облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

28 желтоқсанда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде бұрқасын болып, тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетпек.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. 28 желтоқсанда кей жерде тұман, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

28-30 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.




Өзгелердің жаңалығы