«Nur Otan» партиясының мүшелері ШҚО-да кездесу өткізді

28 Желтоқсан 2020, 17:02
1876
Бөлісу:
«Nur Otan» партиясының мүшелері ШҚО-да кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының мүшелері Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді.

Өскемен қаласындағы 19-ықшам ауданының тұрғындарымен кездескен партия мүшелері қалалықтармен негізінен аулалар мен балалар алаңқайларын абаттандыру, қоғамдық көлік жұмысы мен коммуналдық қызметтер сапасы секілді мәселелерді толқылады.

Осы күні «Nur Otan» өкілдері облыстағы Ана мен бала орталығына да барды.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, отбасын қолдау мен нығайту – елдің табысты дамуының кепілі. Көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасын жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

«Nur Otan» партиясының мүшелері ШҚО-да кездесу өткізді

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бойынша жүйелі шараларды қолға аламыз. Елдегі әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық шиеленістерді шешу және балалы әйелдерге уақытша тұрғынжай ұсыну орталықтары құрылады. Бұл ретте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, отбасылық соттар құрылатын болады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға атаулы көмек көрсету үшін «111 шұғыл қызмет» жұмысы қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы