Биліктегі жастар саны артады деген үміттеміз – саясаттанушы

28 Желтоқсан 2020, 15:15
3307
Бөлісу:
Биліктегі жастар саны артады деген үміттеміз – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «Сайлау – 2021: жаңа мақсаттар мен міндеттер» сараптамалық талқылауы өтті.

Іс-шараға саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы А.Жолдыбалина, Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары С. Нұртаза, Қ. Майгелдинов, сондай-ақ саясаттанушылар, азаматтық сектор өкілдері, Қарағанды облысының қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сайлауға ұсынылатын партиялық тізімде жастар мен әйелдердің қатысыуының 30 %-дық міндетті квотасын енгізуді ұсынған болатын. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына 2020 жылдың 25 мамырында енгізілген өзгерістерге сәйкес, сайлауда ұсынылатын партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. Бұл өзгерістер аталған топтардың азаматтық белсенділігін арттыруға себепші болатыны анық.

Мәслихаттар құрамын сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша талдаған кезде барлық ақпарат қол жетімді болмағандықтан, облыстық деңгейдегі, тек бірқатар қалалық және аудандық мәслихаттар бойынша талдау жасауға мүмкіндік болды, - дейді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов.

Атап айтқанда, Қарағанды облыстық, Теміртау, Сәтбаев, Приозерск қалалық және Бұқар жырау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандық мәслихаттары құрылымы бойынша мәліметтерге талдау жасалған. Бұл деректер аталған мәслихаттардың ресми сайттарынан алынған.

елдос1.jpg

Мәслихаттар депутаттарын әртүрлі жас санаттары бойынша бөліп қарастырылды. Бірінші санат - 20-35 жас аралығында депутаттар, екінші 36-59 жас аралығындағы, үшінші 60 жастан жоғары санат. Қарағанды облыстық мәслихатында барлығы 42 депутат сайланған.

Облыстық мәслихат құрамының басым көпшілігін негізінен 36-59 жас аралығында депутаттар құрайды олардың үлесі 70%. 60 жастан асқан депутаттар үлесі 30%. 35 жасқа дейінгі жастар облыстық мәслихат құрамында қатыспайды. Қарағанды облысындағы біз қарастырған мәслихаттардың құрамындағы 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 1%-ға да жетпейді. Қарағанды облыстық мәслихатындағы 35 жасқа дейінгі санат мүлдем қатыспайды және ол санаттағы тұрғындардың мүдделерінің жүзеге асуына кедергі болуы мүмкін. Қарастырылған мәслихаттардың гендерлік құрамында әйел депуттар үлесі 21%-ды ғана құрайды, - деді саясаттанушы.

Саяси партиялардың тізіміндегі жастар

Алдымыздағы 2021 жылы 10 қаңтарда болатын жергілікті мәслихаттар сайлауында қатысатын 5 партия ұсынған партиялық тізімдерді талдай отырып, жастардың бұл саяси науқанға қатысу деңгейін талданған.

Қарағанды облыстық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 63 үміткер ұсынған, соның 4-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 10 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған – 8 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 8 үміткер ұсынған, соның 1-і;

«Ауыл» партиясы ұсынған - 5 үміткер ұсынған, соның 2-і 30 жасқа дейінгілер.

Қарағанды қалалық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 45 үміткер ұсынған, соның 9-ы;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 5 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған – 8 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 8 үміткер ұсынған, соның 1-і

30 жасқа дейінгілер.

Балқаш қалалық мәслихатына:

«НұрОтан» саяси партиясы – 26 үміткер ұсынған, соның 3-і;

«Ақжол» партиясы ұсынған – 3 үміткер ұсынған, соның 2-і;

«Adal» партиясы ұсынған – 3 үміткер ұсынған, соның 1-і;

«Қазақстан халықтық партиясы» - 3 үміткер ұсынған, соның 1-і 30 жасқа дейінгілер.

 

Осы сайлауда жастардың өкілдік билік құрылымына көбірек тартылуына үміт артамыз. Сонымен бірге, Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі 22,3%-ды құрайды. Қарағанды облысында 29 жасқа дейінгі 12 әкім бар. Бүгінгі таңда Қазақстан жастарды қолдаудың бірқатар мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда. Жастардың осы бағдарламалар мен жобаларға қатысуы елдің қоғамдық-саяси өміріне тартылуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады, - деді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов


Өзгелердің жаңалығы