Марат Шоранов: Жаңа жылды туыс, доссыз қарсы алуға шақырамын

28 Желтоқсан 2020, 14:38
1664
Бөлісу:
Марат Шоранов: Жаңа жылды туыс, доссыз қарсы алуға шақырамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Құрметті қазақстандықтар, вируспен күресуді үйрендік, алдын алу шараларын білеміз, алайда, вируспен күрес әлі жалғасуда. Коронавирустық инфекцияның өршуі көбінесе, жабық үй-жайларда адамдардың көптеп шоғырланып, ұзақ уақыт бір ғимаратта үлкен іс-шараларды өткізуі салдарынан болып жатады, - деді вице-министр.

Шоранов жаңажылдық мерекелер қарсаңында коронавирустың алдын-алу шараларын мұқият сақтауға шақырды.

Халық көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық іс-шараларды, ертеңгіліктерді, корпоративтерді өткізбеу және қатыспау, ағзаның салқындауына жол бермеу, қауіп-қатер тобындағы ағайын-туысқа  қауіп төндірмеу, қарым-қатынас жасау және құттықтау үшін заманауи байланыс құралдары арқылы қашықтан пайдалану керек. Жаңа жыл - отбасылық мереке. Мен сіздерді мерекені туыстарды, достар мен таныстарды шақырмай-ақ, бірге тұратын жақын адамдар ортасында қарсы алуға шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, пандемия әлі жалғасып жатқанын, вирусың әлі жеңілмегеніне назарарыңызды аударғым келеді. Сондықтан әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, өзіне және басқаларға жұқтырып алмау үшін міндетті түрде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтауы қажет, - деп толықтырды Шоранов.

Оның айтуынша, алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның бақылаусыз өсуіне әкелмеуі керек. 

Бұл сіз бен біздің тәртібімізге және сақтық шараларын ұстануымызға тікелей байланысты, - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін вице-министр оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы