Иранда қар көшкінінен 12 альпинист қаза тапты

28 Желтоқсан 2020, 14:12
1604
Бөлісу:
Иранда қар көшкінінен 12 альпинист қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Иран астанасы Тегеранның солтүстігіндегі таулы жерде қар бұрқасынын болып, салдарынан 12 альпинист қаза тапты. Бұл туралы ирандық Тасним агенттігі хабарлады.

Жұма күні аяқасты болған бұрқасыннан Колакчал, Ахар және Дарабад аудандарында қар көшкіні жүрген. 

Халықаралық  Қызыл жарты ай гуманитарлық қозғалысы Тегерандағы үш күндік іздеу жұмыстарынан соң жексенбі күні іздеу жұмысын тоқтатты. Олар 14 адамды қар құрсауынан құтқарып, 11 адамның мүрдесін тапқан. 

Сол күні полиция Колакчал ауданында қар кқшкінінен қаза тапқан 12-ші адамның мүрдесін тапқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы