Все новости за 27 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО-да 8 мыңға жуық оқушы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 8 мыңға жуық оқушы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Абайға апарар жол: Сарапшылар ұлы ойшылдың мұрасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайға апарар жол» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Біз азаматтық қоғаммен диалогқа дайынбыз - Экология министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2020 жылдың ІХ Азаматтық Форумы аясында азаматтық сектор мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өткен кездесу қорытындысында осылай деді.
-
ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, Қазақстандағы ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Ақтоты Райымқұлованың жетекшілігімен комиссияның онлайн форматта отырысы өтті.
-
Биыл еліміздің 7 өңірінде автожол жобалары аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталды.
-
Бауыржан Момышұлының поэзиясына арналған жинақтың тұсаукесері өтті
<p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Ұлы жерлесіміздің мерейтойына орай облыста түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы Даңқ залында облыс әкімі Бердібек Сапарабаевтың қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім» атты кездесу өтті.<br>
</p>
-
Ғалымдар Елбасының елдің табысты дамуындағы ерекше рөлін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда онлайн форматта «Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес қазақстандық мемлекеттілікті бекіту-елдің табысты дамуының кепілі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
-
Қуандық Қыстықбаев: Бұл - ағаларымыз армандаған театр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі театр және кино актер, Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық Қыстықбаев театрдың жаңадан ашылған ғимаратына қатысты қуанышымен бөлісті.
-
Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің алдына ақынның туғанына 85 жыл толған мерейлі датасына орай бюст орнатылды.
-
Қауіпсіздік Кеңесі қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
-
Мектептің лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
-
Назарбаев: Түркістанды салған кезде астана көз алдымда тұрды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.
-
Бекшин: Оқушылар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифингке сонымен бірге, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының м.а Жанар Мадеева қатысты.
-
COVID-19. Бір айда 747 медицина қызметкері ауру жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
ДСМ санитарлық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырды.
-
Цой айына миллион теңгеден алған дәрігерлер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында пандемия кезінде коронавирус бойынша жоғары қауіп аймағында жұмыс істейтін дәрігерлер айына орта есеппен бір миллион теңгеден жалақы алатынын жеткізді.
-
Министр: Венгрия біз үшін ұзақмерзімдік экономикалық әріптес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысы бейнеконференция форматында өтті.
-
Қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Халықаралық сарапшылар: Қазақстан пандемия кезінде үздіксіз білім беруді тиімді ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Білім берудегі олқылықтарды қалпына келтіру және тұрақты мектеп жүйесін құру» атты онлайн-вебинар барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто пандемия кезіндегі Қазақстанның білім беру жүйесі жайлы айтты.
-
Премьер-министр кеңсесі жемқорлыққа қатысы бар қызметкерге қатысты түсінік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген қызметкерге қатысты түсініктеме берді.
-
COVID-19. Елімізде 8 800 жүкті әйел жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
8
-
Елорда асханаларында өрт қауіпсіздігі сақталған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін азық-түлік кәсіпкерлігі саласының газ нормаларын сақтауға қатысты мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобының құрамына ТЖД, ПД, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті өкілдері кіреді.
-
Желтоқсанда карантин ережелері қатая ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында желтоқсан-қаңтар айларында елде карантиндік шаралардың күшейтілу мүмкіндігі жайында айтты.
-
ІX Азаматтық форумының қорытындысы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның IX Азаматтық форумының қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19. Оқу жылы басталғалы 1741 оқушы ауырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде оқу жылы басталғалы бері қанша оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтты.
-
Республика «сары» аймақта – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Сайлау 2021: Ұлттық кеңестің 12 мүшесі депутаттықтан үміткер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Президенттік жастар кадр резерві сынды президенттік бастамалар мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тұлғаларды ұсыну тұғырнамасына айналды, деп жазды telegram-арнасында Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин.
-
Ұлттық кеңес мүшелері Тұрғымбаевпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездесті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин telegram-арнасында жариялады.
-
Ұлттық ұланда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ұлттық ұланның барлық өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінде азаматтарды онлайн режимінде бірыңғай қабылдау күні өтті, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
Африка COVID вакцинациясына дайын емес – ДДСҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық елдерінде логистика мен қаржыландыруда айтарлықтай проблема бар, оларға халықаралық қолдау қажет, дейді ұйым.
-
Жыл басынан бері 260 кг жуық бекіре тұқымдас балық пен 8 кг қара уылдырық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Премьер-министр кеңсесінің қызметкері күдікті болып отыр – Қабдула
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула брифинг барысында айтты.
-
Алматыдағы клиникада алғаш рет инновациялық емдеу әдісі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. КІА ҒЗИ-да жүректің кенеттен тоқтап қалу қаупі жоғары пациенттерге теріасты кардиовертер-дефибриллятор имплантталды.
-
Нұр-Сұлтанда 1,5 жылда ұзаққа созылған құрылыс саны екі есе азаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үйлер тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады.
-
Атырауда жылына 30 млн маска шығаратын өндіріс іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жергілікті компаниялардың бірі бірреттік медициналық бетперделер тіге бастады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Алматыда ХҚКО-да ана мен балаға арналған мобильді бөлме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерге келетін мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін барынша жағдайлар жасайды.
-
6 жасар баланы қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау ҚПБ-не қалалық орталық ауруханасынан хабарлама түскен. Онда жол көлік оқиғасы салдарынан дене жарақаттарымен жасөспірім бала түсіп, жан тапсырғандығы айтылған. Ақпарат алысымен полицейлер оқиға орнына бірден жол тартып, мән-жайын анықтап тексеруге кірісті.
-
Сайлау 2021: Өзіңізді сайлаушылар тізімінен қалай тексеруге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Ақмола облысында қанша бала коронавирус жұқтырды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты.
-
Оңтүстік Кореяда оқушы денсаулығы арнайы қосымша арқылы бақыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Сәрсенбіде вирус 382 адамнан анықталса, бейсенбіде бұл сан 200-ге көбейіп, 583 жетті, деп жазды Хабар24.
-
Жедел жәрдем орталығына түсетін қоңыраулардың дені ПТР тесті туралы болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халыққа COVID-19 туралы ақпарат тарату мақсатында маусым айында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында байланыс орталығы құрылды. Осы уақытқа дейін байланыс орталығының мамандары 6 981 адамға консультативті кеңес берген.
-
Президенттің сыны орынды – Маржықпаев статистикалық мәліметтерді жасыру туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты.
-
Ақмола облысы үздік үштіктің қатарында тұр – Маржықпаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты.
-
Оралға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралға ең жауапты жолаушылар ұшып келді, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетуге тырысамын - Қарақат Башанова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да Junior Eurovision 2020 байқауының финалы туралы өткен онлайн брифинг кезінде «Балалар Евровидениесі» байқауында Қазақстанды таныстыратын жас дарын Қарақат Башанова айтты.
-
Ауыл мен қала баласының аражігін алшақтатпай, бірдей деңгейде көңіл бөлінуі тиіс – Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қай жерде тұратынына қарамастан балалардың құқығы мен қажеттілігі бірдей екендігін ескеруіміз керек. Бұл туралы елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев айтты.
-
Көтеретін кез келді. Мемлекеттік хатшы маңызды мәселені айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді деп айтты.
-
Қырымбек Көшербаев үштік ұйым жайлы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев үштік ұйым жайлы айтты.
-
Антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайды – Көшербаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз мемлекетін өгей етіп көрсетуге тырысатын антагонистік көзқарастарға мүлдем келісуге болмайтынын айтты.
-
«Көкшетау» табиғи паркінің директоры жер учаскелерін заңсыз сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов «Antikornews» аясында өткен брифингите айтты.
-
Жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік қазақстандықтарды тасымалдауда.
-
Грузия екі айлық локдаун енгізбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау үшін екі айға қатаң карантин енгізеді, алайда, билік мерекелерде кішігірім жеңілдік жасауға уәде берді. Шектеулер 28 қарашадан бастап күшіне енеді және 31 қаңтарға дейін жалғасады, деп жазады Грузия Online.
-
Жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтары туралы онлайн тренингтер өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері үшін ZOOM платформасында отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша онлайн-дәрістер мен онлайн-семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
-
Еуропаның тағы бір елінде COVID-19-дың 1 миллионнан астам жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көрсеткішісі бойынша әлемде он екінші және Еуропада алтыншы орында.
-
29 қарашада Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша - жексенбі күні астанада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтайды, деп хабарлады Сity Transportation Systems көлік компаниясы.
-
Дмитрий Баландин жүзуден ел чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды. Біріншілікте еліміздің 14 өңірінен 16 команда қатысуда деп жазады Olympic.kz.
-
Алматы облысында жарылған газ баллонынан 8 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қарашада кешкі сағат 20.00 шамасында Алматы облысы ТЖД кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
-
Өткен тәулікте індеттен 5 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 27 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.
-
Елордадағы сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада сауда нысандарының жұмыс кестесі өзгерді.
-
561 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 563 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Өткен тәулікте 813 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
-
Мен рингке тек жеңу үшін шығамын - Данияр Елеусінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Жулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз атыстырды, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Еліміздің 10 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада 10 облыста қолайсыз ауа райына баланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Алматыдағы кесілген ағаштардың орны еменмен толығатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Төле би көшесінің бойындағы кесіп тастаған 13 түп ағаштың орнына 30 түп емен егілді. Бұл жұмысты атқарған қала әкімшілігі мен волонтерлық қозғалыс өкілдері, деп хабарлайды 24.kz.
-
Талдықорғандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала.
-
15 жастағы қызбен махаббат құрған бозбаланың анасы Президенттен көмек сұрауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 15 жастағы құрбысымен жақын қарым-қатынаста болған жасөспірімнің анасы президенттен көмек сұрайды.
-
Головкин DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастықты созуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com сайтының журналисі Барри Холбрук IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қолданыстағы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастықты ұзарта алады деп санайды.
-
Жезқазғанда сотталғандар басшылардан қорлық көріп жүргенін мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Жезқазғандағы АК-159/25 түрмесінде түсірілген видео тарап жатыр.
-
Павлодарлық шенеунік мәселемен келген тұрғынды психикалық ауруханаға жібермек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қабылдауға келген тұрғынды психикалық ауруханаға жіберу үшін арнайы бригада шақырған шенеунік қызметінен босатылды.
Наверх