Қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылды

27 Қараша 2020, 18:44
1959
Бөлісу:
Қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Қыркүйектен бастап елімізде 165 мектеп карантинге жабылған болатын. Бүгінде 66 мектеп карантинде.  Карантиннің ең аз мерзімі - 14 күн. Инкубациялық кезең инфекцияның соңғы жағдайынан бастап есептеледі, - деді ол. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын айтқан болатын.

Министр сондай-ақ, әлемде коронавирустық инфекция бойынша жағдай шиеленісе түскенін жеткізді. Соңғы аптада Оңтүстік Кореяда сырқаттанушылық деңгейі өсуде, онда аурушаңдық көрсеткіші 2 есеге, Әзербайжанда - 1,7 есе, Жапонияда - 1,5 есе, Молдовада, Египетте - 1,4 есе, Беларусьте - 1,3 есе өскен. 

Еліміздегі коронавирус инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталған министр 27 қарашадағы жағдай бойынша елде пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырған 129 213 және КВИ- жағдайымен 41 756 адам анықталғанын және республиканың «сары» аймақта екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы