Африка COVID вакцинациясына дайын емес – ДДСҰ

27 Қараша 2020, 16:02
1772
Бөлісу:
Африка COVID вакцинациясына дайын емес – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық елдерінде логистика мен қаржыландыруда айтарлықтай проблема бар, оларға халықаралық қолдау қажет, дейді ұйым. 

Африка елдерінің коронавирусқа қарсы вакцинация науқанына үштен бір бөлігі ғана дайын. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 27 қарашада мәлімдеді, деп жазды korrespondent.net.

Логистика мен қаржыландырудың түбегейлі проблемалары бар, сондықтан халықаралық ынтымақтастық қажет, - деді ДДСҰ-ның Африка бойынша аймақтық директоры Мачидисо Моети. 

Қазіргі уақыттағы мақсат – 2021 жылдың наурызына дейін Африка халқының 3%-ын және 2021 жылдың соңына қарай 20%-ын егу.

Сонымен бірге аймақтың 40 елінде алаңдаушылық тудыратын негізгі мәселе – тиісті қаржыландырудың, жағдайды бақылау құралдарының және вакциналарды барлық жергілікті қауымдастыққа жеткізу мүмкіндігінің болмауы.

ДДСҰ сынақ кезінде 95% тиімділік көрсеткен Pfizer және BioNTech компанияларынан алынған вакцинаның мысалын келтірді. Препарат минус 70 градус температурада сақталуы керек, бірақ мұндай сақтау шарттары Африкадағы көптеген аурухана үшін қолжетімді емес.

 

Ұйым Африка елдерін «континентте бұрын-соңды болмаған ең үлкен вакцинацияға» дайындықты тездетуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы