Ақмола облысында қанша бала коронавирус жұқтырды?

27 Қараша 2020, 13:43
1137
Бөлісу:
Ақмола облысында қанша бала коронавирус жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты. 

Ақмола облысында 68 бала коронавирус індетіне шалдықты. Балалар көп жағдайда індетті тұрмыстық жағдайда жұқтырған. 22 оқушы мектепте індет жұқтырды. Демек, 44 бала  тұрмыстық жағдайда жұқтырып отыр, - деді ол. 

Маржықпаев атап өткендей, Ақмола облысы «қызыл аймақта» орналасқан. 

Бүгінде бізге бизнес пен карантин арасында баланс табу өте маңызды. Бизнесті қолдаймыз, себебі оның артында мыңдаған жұмысшы тұр. Оның үстіне шағын және орта бизнеске ерекше қолдау көрсету керек. Карантин шаралары енгізілсе де, үйлесімді шара қабылдауды жүзеге асырамыз. Бүгінде жексенбіден басқа барлық күні 20:30-ға дейін мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Бұл балансты сақтауға тырысамыз, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің дамуы туралы айтып, оның үздік үштікке енгенін атап өтті. Бұдан бөлек ол коронавирусқа қатысты статистикалық мәліметтерді жасыруға қатысты пікір білдіріп, Президенттің сыны орынды екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы