Талдықорғандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

27 Қараша 2020, 04:27
1736
Бөлісу:
Талдықорғандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала, деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

26 қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады. 

Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы