Оралға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама болды

27 Қараша 2020, 12:37
974
Бөлісу:
Оралға ұшып келген жолаушылардың барлығында ПТР-анықтама болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралға ең жауапты жолаушылар ұшып келді, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

2020 жылғы 26 қарашада Қазақстанға 13 халықаралық әуе рейсі қонды: Германия, Ұлыбритания, БАӘ, РФ, Түркия, Иран, Латвия, Египет.

 1496 жолаушының 1384-інде теріс нәтижелі анықтама болды. 112 Қазақстан азаматының анықтамасы болмады.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтанға - 5 рейс, 612 - жолаушы, 548 - анықтамамен, 64 - анықтамасыз;

Алматыға - 5 рейс, 688 - жолаушы, 657 - анықтамамен, 31 - анықтамасыз;

Шымкентке - 1 рейс, 133 жолаушы, 123 - анықтамамен, 10 - анықтамасыз;

Оралға - 1 рейс, 56 жолаушы, бәрі анықтамамен;

Ақтауға - 1 рейс, 7 жолаушы, бәрі анықтамасыз.

Қазақстанға анықтамасыз келген жолаушылар карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа тест тапсырды. 

Айта кетейік, Оралға ұшып келген жолаушының 100%-ында анықтама болды.

Өзгелердің жаңалығы