Ақмола облысы үздік үштіктің қатарында тұр – Маржықпаев

27 Қараша 2020, 12:55
1709
Бөлісу:
Ақмола облысы үздік үштіктің  қатарында тұр – Маржықпаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты. 

Ақмола облысы бойынша барлық жоспарлық индикатор жүзеге асырылды. Экономикалық белсенділіктің қозғаушы күші инвестиция өсімі болды. Сол үшін де облыс үздік үштіктің қатарына енді. Жыл басынан бері экономика саласына 300 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Ол өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Шағын және орта бизнесті барынша қолдау жүргізіліп жатыр. 20 мыңға жуық бизнес субъектісі салықтық жеңілдіктерге ие болды, - деді ол. 

Облыс әкімі айтып өткендей, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 800 шағын микронесие берілді. 

Биыл 120 бизнес жоба 15 млрд теңгеге қаржыландырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 10 мың жұмыс орны құрылды. Еңбек нарығында әртүрлі бағдарлама есебінде 21 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, - деді ол. 

Ермек Маржықпаев биылғы инвестиция көлемі өткен жылдан үш есеге көп болғанын айтты. 

Биыл мемлекеттік қолдау ретінде 74 млрд теңге бөлінді. Оның нәтижесінде ақмолалық диқандар астық жинауды уақытылы жүзеге асырды. 5,7 млн тонна астық жиналды. Егін сапасы өткен жылғыға қарағанды жоғары болды, - деді Ақмола облысының әкімі.

Өзгелердің жаңалығы