ДСМ санитарлық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырды

27 Қараша 2020, 19:19
1247
Бөлісу:
ДСМ санитарлық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған такси жүргізушілері туралы хабарлауға шақырды. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 1500-ден астам мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың міндеті - талаптардың бұзылуын анықтау.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында такси қызметін жүзеге асыратындарға да талаптар жазылған. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайлар анықталған жағдайда бұл адамдар да жауапқа тартылады. Такси қызметін пайдаланатын жолаушылардан әлеуметтік қашықтық бойынша талаптарды сақтамайтын, маска тақпайтын немесе халыққа қызмет көрсету кезінде басқа да міндетті алдын алу шараларын қолданбайтын адамдарды жауапкершілікке тарту үшін бізге дәлелді құжаттарды берулеріңізді сұраймыз, - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан-қаңтар айларында елде карантиндік шаралардың күшейтілу мүмкіндігі жайында айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы