29 қарашада Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

27 Қараша 2020, 10:08
1458
Бөлісу:
29 қарашада Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қараша - жексенбі күні астанада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтайды, деп хабарлады Сity Transportation Systems көлік компаниясы.

Бұл күні дезинфекция жұмысы жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүріп, жексенбі күні тоқтайды. Дүйсенбі, 30 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды,- делінген хабарламада. 

Компания қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.


Өзгелердің жаңалығы