Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

27 Қараша 2020, 21:02
3684
Бөлісу:
Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмекен Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің алдына ақынның туғанына 85 жыл толған мерейлі датасына орай бюст орнатылды.

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшы Ақылбек Рысқалиевтің айтуынша, Жұмекен Нәжімеденов қазақ жастарының рухын көтерген ерен тұлға.

Кеңестік үкімет 1956 жылы ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасы құрамынан бөлуге әрекеттенді. Осы кезде Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов қазақ жастарының ойы мен бойын кернеген «туған жерді талауға бермейміз» деген өр рухын сөз бен сазға сыйғыза білген еді - деп атап өтті ол.

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Ескерткіш-бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне елімізге белгілі тұлғалар – Ғарифолла Есім, Әйкен Жұмекенқызы, Марат Азбанбаев пен Сәрсенбай Еңсегенов арнайы қатысты.

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Айта кету керек, ескерткіш-бюстті ашу бастамасы Мемлекет және қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегеновтің қолдауымен жүзеге асты. Туындының авторы – белгілі мүсінші Серік Мәтениязов.

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Қазіргі уақытта орта мектепте Жұмекен Нәжімеденовке арналған мұражай жұмыс істеп жатыр. Мұнда ақынның өзі пайдаланған дүниелері, қолжазбалары мен 7 томдық шығармалар жинағы қойылған. Мектептің педагог-ұйымдастырушысы Вера Миденованың айтуынша, мұражай өткен жылы  жасақталған.

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Ескерткіш бюсттің ашылу салтанаты ақынның 85 жылдық датасына орай, «Ж. Нәжімеденов және қазақ поэзиясының көркемдік даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференцияға ұласты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау лебізі оқылды. 

Онлайн конференцияда «Жұлдызды Жұмекен» кітабының авторы Ғарифолла Есім, Мемлекеттік сыйлық иегері Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, жазушы Мереке Құлкенов, ақын Есенғали Раушанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп және Қытай, Түркия, Әзербайжан елдерінен белгілі профессорлар баяндама жасады.
Өзгелердің жаңалығы