Жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтары туралы онлайн тренингтер өтті

27 Қараша 2020, 10:43
2480
Бөлісу:
Жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтары туралы онлайн тренингтер өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері үшін ZOOM платформасында отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша онлайн-дәрістер мен онлайн-семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

«Менің болашақ отбасым», «Репродуктивті денсаулық», Экономика және отбасылық бюджет» тақырыптарында дәрістер мен семинарларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Кабакова Майра өткізді.

Онлайн семинар-тренингтерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Тұран» университеті, «Қайнар» Академиясы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы, С.Ж. Асфендияров атындағы медицина университеті, «Нархоз» университеті, Еуразиялық технологиялық университеттерінен 500-ден астам студент қатысты.

Отбасылық өмір - бұл үлкен шығармашылық жоба. Егер осы маңызды жоба шеңберіндегі қызмет пен қарым - қатынас ләззат сыйласа, қуаныш сыйласа, онда сіз бақытты адамсыз, - деді Алматы қаласының жастар мен отбасын тұрақты дамыту бөлімінің басшысы Орынбасар Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасының мақсаты - Алматы қаласында отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы әлеуметтік тапсырысты тікелей жүзеге асырумен «Зор Рух» қайырымдылық қоры айналысады.

Жоба Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде отбасылық-бағдарланған тәсілді дамытуға, отбасы институтын нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған. Оның аясында Алматы қаласында отбасы институтын нығайтуға және отбасы мүшелеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты психологиялық, құқықтық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетіледі.

 

                     

Өзгелердің жаңалығы