Көтеретін кез келді. Мемлекеттік хатшы маңызды мәселені айтты

27 Қараша 2020, 12:15
3141
Бөлісу:
Көтеретін кез келді. Мемлекеттік хатшы маңызды мәселені айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан IX Азаматтық форумда сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді деп айтты.

Бүгінгі таңда елімізде 500-ге жуық ұлттық этно-мәдени қор мен тарихи бірлестік жұмыс істейді. Бұл бірлестіктер - журналистер мен тарихшылардың, жазушылар мен өлкетанушылардың басын біріктіріп отыр. Олар ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттап, қазақтың даңқты ұл-қыздарының еңбектері мен ерліктерін жас ұрпақтың жадына сіңіруде аянбай еңбек етіп келеді. Әлбетте бұл өте қажет әрі маңызды жұмыс. Біздің ойымызша ендігі жерде осы бірлестіктер мен қорлардың қызметін жаңа сатыға көтеріп, оларды республикалық және жергілікті биліктің жалпы ұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді, - Қырымбек Көшербаев. 

Көтеретін кез келді. Мемлекеттік хатшы маңызды мәселені айтты

Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл қорлар мен бірлестіктердің еліміздің айтулы даталары мен күнтізбесін және гуманитарлық күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуы - бәріміз үшін аса маңызды.

Көтеретін кез келді. Мемлекеттік хатшы маңызды мәселені айтты


 

 

Біз жергілікті жерлердегі рушылдық пен басқа да ұсақ бөлінушілердің жолын кесіп, отандастарымыздың бойында ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына мүмкіндік береміз, - деді мемлекеттік хатшы. 


 

Өзгелердің жаңалығы