Ғалымдар Елбасының елдің табысты дамуындағы ерекше рөлін атап өтті

27 Қараша 2020, 21:21
1390
Бөлісу:
Ғалымдар Елбасының елдің табысты дамуындағы ерекше рөлін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда онлайн форматта «Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес қазақстандық мемлекеттілікті бекіту-елдің табысты дамуының кепілі»  халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес ұйымдастырды. Ғылыми алаңның серіктестері: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, «Нархоз» Университеті және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті.

Жас ғалымдардың жұмысы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен және техникалық қолдауымен өткен «Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы Елбасының негізгі қағидаттары»  пленарлық сессиясымен ашылды. Сессия спикерлері — Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, орынбасары Игорь Рогов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚазҰӨА ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Александр Курдеко, Қор жанындағы мәдениет жөніндегі кеңес төрағасы Біржан Хасанғалиев, Қор жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі Жанар Темірбекова.

Конференция қатысушыларына арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев алдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күнімен құттықтады.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында этносаралық татулық пен келісім орнаған ел ретінде, бейбітшілікке ашық және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталған республика ретінде жоғары беделге ие болды. Жетістіктерімізді, Тұңғыш Президенттің ел дамуына қосқан үлесін түсіну маңызды. Бұл қиындықтарды еңсеру, құндылықтар және мемлекеттің үлкен тәжірибесі туралы ұлкен тарих. Мұны түсіну жаңа міндеттерді жүзеге асыруда ерекше мәнге ие. Мен бүгінгі конференцияның маңыздылығы осы деп ойлаймын - деді ол.

Жас ғалымдардың халықаралық конференциясы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді саяси жаңғырту үдерісіне қосқан үлесін ұғынуға, тұрақты экономикалық өсімді сақтау моделін анықтауға, ұлттың мәдениеті мен руханиятын дамыту стратегиясын талдауға бағытталған.

Кездесу модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды. Спикер Қазақстанның Тұңғыш Президенті қызметін талдау және ғылыми тұрғыдан пайымдауда қосқан үлесі үшін жас ғалымдарға алғыс айтты. Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым және мәдениет жөніндегі кеңес бастамашылық еткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ұсынған бағыт пен бағдарды жалғастыру мақсатында жалпыұлттық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты әрі терең талқылауда мемлекеттік органдардың басшыларын, көрнекті ғалымдарды, ғылыми жастар мен азаматтық қоғам өкілдерін, халықаралық сарапшыларды шоғырландыру жөніндегі жұмыстың жоғары маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Нұрлан Әбдіров қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Ел мен өзі үшін ең жоғары мақсаттарды айқындап, ата-бабаларымыздың көптеген ұрпағының арманын іске асыра, халықтың зор сенімімен Елбасы барлығымызды тәуелсіз, гүлденген, заманауи мемлекет пен қоғамға жетеледі. Күрделі кедергілер мен жағдаяттарды еңсере отырып, маңызды, тағдыршешті, жүйелі реформалар мен қайта құрулар жүргізіп, ұлтты және әрбір қазақстандықты рухтандырып, жігерлендірді, — деп атап өтті ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық мәдениетті дамыту және қазақстандықтардың мәдени кодын сақтаудың маңыздылығы туралы айта келе, жиналғандарға Елбасының ұлттық бірегейлікті, мәдениетті, тілді және өзіндік ұлттық кодты сақтау жөніндегі жаңа міндеттер белгіленген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасын іске асыру туралы сөз етті.

Бүгінде Қазақстан – бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болған, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Тарихи ауқымда қысқа саналатын кезеңде Қазақстан өз дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізді және халықаралық қоғамдастықта тең құқықты және беделді қатысушы ретінде орнықты. Мұның бәрі ел азаматтары үшін мақтаныш және қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың маңызды негізі болып табылады, — деді министр.

Жас ғалымдар ғылыми баяндамалары «XXI ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жетістігі», «Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мұрасы» және «Үшінші мыңжылдықтағы Қазақстанның мәдениеті мен руханилығы» үш секцияда ұсынылды.

Конференция аясында секция қатысушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың елді саяси жаңғырту үдерісіне қосқан үлесіне, оның тұрақты экономикалық өсімді сақтау моделін қалыптастыруына, сондай-ақ ұлттың мәдениеті мен руханиятын дамыту стратегиясына талдау жасады. Конференция қорытындысымен қатысушылар Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы Елбасы іргесін қалаған Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарын іске асыруға ықпал етуі қажет деген ортақ пікірге келді, — деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ермек Тоқтаров.
Өзгелердің жаңалығы