Все новости за 12 қаңтар 2026
-
-
Өлім жазасы: Иран билігі наразылық білдірушілерді қорқытып жатыр
Иранның Жоғарғы көсемі Әли Хаменеи наразылық білдірушілерді қатаң жазамен қорқытты, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасап.
-
Ертең еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қатты аяз болатыны болжанады
Астана және Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Көктайғақта полицейлер жол бастап, көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті – ШҚО
Өскемен – Семей тас жолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөлікке полицейлер жол көрсетіп, бірге ілестіріп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада Инклюзивті спорт орталығы ашылды
Қызылордада "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты
"Павлодар–Қызылорда" тас жолының 110-шақырымында, Құлақөл ауылы маңында арақашықтықты сақтамаған Toyota Camry маркалы автокөлігі Shacman тіркемесі бар жүк көлігіне соқтығысты. Бүгін өңірде айналаның көріну деңгейі нашар болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы крематорий ресми түрде жұмысын бастайды
Алматы қаласындағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды
Ақтауда полиция қызметкерлері суға батпақ болған кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атыраудағы жантүршігерлік оқиға: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысында ерлі-зайыптылардың өлтірілуінен кейін олардың кіші қызы – Ақбаян Мұқанғалиева халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТОП-10: Қазақстандық алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері тізіміне енді
Қазақстандық алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері тізімінде 10-дыққа енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ATP-ға сілтеме жасап.
-
Періштесі қақты: Абай облысында бала 6 сағат бойы құдықта отырған
Бала құдықтан шамамен алты сағат бойы шыға алмай отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Жалған медициналық көмек шығыны – 26 миллиард теңге. Тоқаев ҚМА төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ұлттық құрылтайдың қашан өтетіні белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Парламенттік реформа: Жұмыс тобы бір палаталы Парламенттің міндетін анықтайды
Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан шекарасы маңында тағы да жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Қазақстан шекарасы маңында екінші рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық туристер мінген катер Пхукет жағалауында суға батты
Пхукет жағалауында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысты. Катер бортында шетелдік туристер, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Гренландия мен Венесуэла: Саясаттанушы Трамптың нені көздеп отырғанын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияға қатысты бастамасы мен Венесуэлаға әскери қысым көрсету мәлімдемелері халықаралық деңгейде қызу талқыланып жатыр. Бұл қадамдардың астарында қандай саяси логика бар? BAQ.KZ тілшісі саясаттанушы Жанат Момынқұловқа осы мәселелерге қатысты бірқатар сұрақ қойды.
-
Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау облысындағы сұмдық: Марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырды
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының туыстары қаза тапқан әйелдің атынан жіберілген соңғы аудиохабарламаға қатысты жаңа деректермен бөлісті. Олардың айтуынша, бұл жазба ескі болуы мүмкін және оны кісі өлтіруге күдікті адам қайта таратып отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада қармен күрес: Көшелер қалай тазаланып жатыр?
Бүгін Астанада қалың қар жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері, соның ішінде “Астана-Тазалық”, күшейтілген режимге көшіп, көшелерді, аялдамаларды және жаяу жүргіншілер жолдарын тазалап жатыр.
-
2026 жылы Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы өседі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа еңбекақы жүйесі аясында офицерлердің жалақысы 23%-ға, әскерилер мен сержанттар құрамының жалақысы 10%-ға көтерілетіні жоспарлануда. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордада депутаттар отандық сервис пен саябақты аралады
Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде жергілікті “Эко такси” отандық сервисінің жұмысымен танысып, Президенттік саябақты қайта құру барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық әйел TikTok үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Қостанай тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде қоғамдық түрде жасалған ұлтаралық қақтығысты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттері үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте қайтыс болған сарбаздың отбасына қысым көрсетілді ме? – Ұлттық ұлан жауап берді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Данияр Амалбековтың қаза табуына байланысты, отбасының әскери құрылымдар тарапынан қысым көрсетілгені жөніндегі мәлімдемелері аясында ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
300 млн теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанда Рамазан айындағы ораза 19 ақпанда басталады. Діни мерекелер күнтізбесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алтын бағасы күрт қымбаттады
Иран төңірегіндегі тәуекелдер мен АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесіне көрсетіліп жатқан қысым аясында инвесторлар алтынға салымдарын күшейтті. Күміс те қымбаттап, тарихи ең жоғары деңгейіне жақындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Oreo печеньесінің тамырларды бітейтіні рас па? – Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желілерде Oreo печеньесінің зияны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында жоғалған 8 жасар бала құдықтан табылды
Абай облысында учаскелік полицей камералардың көмегімен жоғалған 8 жасар баланы тауып алды. Бала құдықтан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: Күдіктінің жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды
Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктіге іздеу жарияланды. Оның жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
13-15 қаңтар: Кей өңірде 38 градус аяз болады
Осы аптада, 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні Қазақстанда күн суытып, аяз түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жолаушылар пойыздан ұшаққа ауысып жатыр
2025 жылы Қазақстанда көліктің барлық түрімен 1,9 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ Статистика бюросына сілтеме жасап.
-
Қазақстанда инфляция 9,7 пайызға дейін баяулайды
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 12,3 пайыз болды. Бұл көрсеткіш алдын ала жасалған болжамға сәйкес келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік нөмірін жасырған 900-ге жуық жүргізуші анықталды
Республикалық автожолдарда жалған мемлекеттік нөмірлер бойынша 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдан 46 шақырым жерде жер сілкінді
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 11:44-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырымда, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші 2,9 баллды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақпан айында қанша күн демаламыз?
2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда ресми мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда жетім балаларды қорқытып, несие алдырған қылмыстық топ ұсталды
Қарағандыда полиция балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
800 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды – Бас прокурор
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне квота бекітілді: Кімге қанша рұқсат берілді?
Елімізде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгіленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде дипфейкке шариғат бойынша тыйым салынды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы дипфейкке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ирандағы көтеріліс: Тегеранда қаза тапқандар саны артып, қала толық жарықсыз қалды
Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Ирандағы көтерілістің қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көлік, құрылыс және сауда: Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5% болды
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылап, видеоға түсірген: Шымкентте үндістандық студентпен болған жанжал желіге тарады
Әлеуметтік желілерде Үндістаннан келген студент пен жергілікті жігіттер арасында болған жанжал түсірілген бейнежазба тарады. Видеода жергілікті азаматтардың үндістандық студенттің қолындағы телефонды қағып алуға тырысып, оны келемеждегені, ал студенттің жылап тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да басқарма басшысы 100 млн теңге парамен ұсталды
Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордадағы жедел жәрдем станциясында 850 млн теңге жымқырылған
Елорда прокуратурасы Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің департаментімен бірлесіп, 2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Автолизинг бар, көлік жоқ: Жаңа бағдарлама неге тоқтап тұр?
Желтоқсан айында іске қосылған жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы әзірге жаппай сұранысқа ие болмай отыр. Осы уақытқа дейін автолизингтің небәрі бір ғана нақты берілу дерегі тіркелген. Одан кейін бағдарлама іс жүзінде «тоқтап қалған». Екінші деңгейлі банктердің басым бөлігі мұндай өнімнің әзірге оларда жоқ екенін растап отыр. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне банк секторының өкілдері мен нарық қатысушылары мәлімдеді.
-
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмайды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін де сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кредит кешіріліп жатқаны рас па?
Әлеуметтік желілерде несиенің кешірілетініне қатысты ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп – Венесуэланың уақытша президенті, Куба АҚШ-пен соғысқа дайын, Иран қатаң ескерту жасады
Әлемде геосаяси ахуал ушығып барады. Куба АҚШ-пен соғысқа дайын екенін мәлімдеді, Иран Израиль мен АҚШ-қа қатаң ескерту жасады, Трамп Венесуэла мен Гренландия төңірегінде даулы мәлімдемелер айтты, ал Австралияда соңғы жылдардағы ең ірі орман өрттері тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда 50 адам мінген автобус жолдан шығып кетті
Шахтинск маңында 50 жолаушысы бар автобус күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Іздеуде жүрген блогерге қатысты тың мәлімет шықты
Миллиондаған оқырманы бар блогер Қайсар Қамза іздеу салынғаннан кейін әлеуметтік желіде суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
СҚО-дағы өрт: Әке мен бала көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты
-
Қазақстанның басым өңірінде дауылды ескерту: Боран, көктайғақ пен қатты жел күтіледі
Қазақстанда бүгінге дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде қар, боран, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, тұман, сондай-ақ желдің секундына 28 метрге дейін күшеюі күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мүгедектігі бар адамдарға қандай қолдау көрсетілді?
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 595 мыңнан астам қызмет алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзіне жаңа қызметті таңып, скриншот жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанай облысында балық қырылды
Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай өзенінде балық қырылғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарламалардан кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі оқиғаның себебін анықтау және тергеу үшін комиссия жіберіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Малайзияда ауқымды су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды
Малайзияның шығысындағы үлкен су тасқынына байланысты 3100-ден астам адам уақытша басқа жерге көшіріліп, арнайы эвакуациялық орталықтарға орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран билігі наразылық білдірушілерге қарсы дрон қолданды
Иран билігі наразылық білдірушілерге қарсы операцияларда алғаш рет дрондарды қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
LRT құрылысы: Жоба қашан іске қосылады және қанша адам қатынайды?
Baq.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астанадағы LRT жобасы бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес уақытылы атқарылып жатқанын мәлімдеді.
-
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: күдікті іздестіріліп жатыр
Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Біз тіпті ядролық қару қаупі төнген жағдайда да Гренландиядан бас тартпаймыз" – Депутат
Даниялық депутат Расмус Ярлов Данияның Гренландияны АҚШ-қа ешқандай жағдайда бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қызылордалық полицейлер бір күнде екі көлікті ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді. Қаскөйдің Сырдария ауданының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Австралияда орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Австралияның оңтүстік-шығысында орман өрттері жаппай өршіп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, бір адам қаза тапты, шамамен 300 мүлік қирады, ал өрттер Үлкен Лондоннан екі есе көлемді аумақты шарпыды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Елімізде сәбіз экспортына шектеу енгізілуі мүмкін
Елімізде сәбіз экспортына үш айлық уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шараның мақсаты – азық-түлік тапшылығын болдырмай, бағаны тұрақты ұстау, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.
-
Иран АҚШ пен Израильге әскери шабуыл туралы ескертті
Тель-Авив пен Вашингтоннан шабуыл жасалған жағдайда Израиль мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары Иран үшін заңды нысанаға айналады. Бұл туралы Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф жексенбі, 11 қаңтарда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Астанада -27°С аяз, Алматыда +9°С жылы: үш күнге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 12, 13 және 14 қаңтарға еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Куба басшысы АҚШ-пен қақтығысқа дайын екенін мәлімдеді
Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ-пен соғысқа дайын екенін ашық мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх