Все новости за 20 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Атырау облысында электрикті жұмыс барысында ток соқты
Атырау облысының Индер ауданында өндірісте ауыр жазатайым оқиға тіркелді. 25 жастағы электрик жұмыс барысында электр тогының соғуынан ауыр жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau online Telegram-арнасына сілтеме жасап.
-
Маңғыстауда экологтар мұнай компаниясына айыппұл салды
Маңғыстау облысында экологтар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға айыппұл салды. Жоспардан тыс тексеру барысында Қаламқас кен орнында топырақтың ластану фактісі анықталған. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
СҚО-да жылына 12 мың тонна қоюлатылған сүт өндіретін зауыт іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысында жылдық қуаттылығы 12 мың тонна болатын қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылды. Жаңа цехтың ашылуына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Боран, тұман және көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 21 желтоқсанда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматының коммуналдық қызметі қар жауғаннан кейінгі тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр
Алматының коммуналдық қызметі 17–19 желтоқсан аралығында жауған қардың салдарын жою жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы уақыт ішінде қала аумағында қар қалыңдығы 16 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл сайын 600 әйелдің өмірін жалмайды: жатыр мойны обыры неліктен әлі де өзекті
Әлемде әйелдер арасында қатерлі ісікке шалдығу деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Қазақстанда да бұл ахуал алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Бүгінде онкологиялық аурулар құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орынға шыққан. Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде жыл сайын 600-ден астам әйел осы диагноздың салдарынан өмірден өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Мәйітті қайта қазып алдық": тәуелсіз сарапшы Айзат Жұманова ісі туралы сұмдық жайттың бетін ашты
Талдықорғанда күйеуінің қолынан қаза тапты делінген 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстауда алғаш рет спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды
Маңғыстау облысының басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында орналасқан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант иегерлері белгілі болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдің сенімін сақтайтын хирургия: Онколог отандық онкохирургиядағы жаңа әдіс туралы айтты
Пластикалық хирургия – медицинадағы салыстырмалы түрде жаңа бағыттардың бірі. Ал реконструктивті пластикалық хирургияның елдегі даму деңгейі қандай, оның медицинадағы орны мен маңызы неде? Осы сауалдарға елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігері, реконструктивті-пластикалық хирург Бауыржан Әнапия BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.
-
Тайваньда метрода белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасап, адамдар қаза тапты
Тайвань астанасы Тайбэйде белгісіз адам метроның екі станциясында жолаушыларға пышақ және түтін шашқыштарды пайдаланып шабуыл жасаған. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны үш адамға жетті, тағы алты адам әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Focus Taiwan-ға сілтеме жасап.
-
Руслан Желдібай: Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды
Қасым-Жомарт Тоқаев Күншығыс елінің жоғары басшылығымен, жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен нәтижелі келіссөздер жүргізіп, Жапонияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтардың банктерге берешегі 26,1 трлн теңгеден асты
Ұлттық банк экономикаға берілген несиелерге қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Замбияда тырысқақ індеті бақылауға алынды
Замбияның денсаулық сақтау министрі Элайджа Мучима елдегі тырысқақ індеті бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4,6 трлн теңге дефицит: Сарапшы 2026 жылғы бюджет қалай жабылатынын түсіндірді
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында келесі жылғы ел экономикасына талдау жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ хандығы алғаш рет жеке том ретінде жарық көреді
"Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" көптомдық академиялық басылымының редакция алқасы "Қазақ хандығы" деп аталатын 4-томды бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында қыз баланың мәйіті табылды
Алматы тауларында құтқарушылар жас қыздың мәйітін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми кездесуге қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылғы бюджет: 23,1 трлн теңге кіріс, 4,6 трлн теңге тапшылық
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында Қазақстанның келесі жылғы республикалық бюджетін талдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Қабылданған заңға сәйкес, дағдарысты және шұғыл жағдайда жүрген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша жарналарды төлеу жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жүктелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық спортшылар фристайл-акробатикадан Әлем кубогі кезеңіне қатысады
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогі кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚҚС, жанармай, тарифтер: 2026 жылғы экономиканың негізгі көрсеткіштері анықталды
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасының биылғы жылғы соңғы шығарылымын келесі жылғы экономикалық болжамға арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2025 жылы қанша қазақстандық мемлекет есебінен шетелде емделді
Тағы 7 адам еліміздегі медициналық ұйымдарда шетелден шақырылған мамандардың қатысуымен ем қабылдады. Мұндай медициналық көмекті алу тәртібі туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды
Елордада Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін Айткен Азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан елшісі Дональд Трампқа сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан елшісі Дональд Трампқа сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Президент Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев Жапонияға виза рәсімдерін жеңілдету туралы ұсыныс білдірді
Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Орталық Азия – Жапония" кезекті саммиті Қазақстанда өтеді
"Орталық Азия – Жапония" саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда Жапония университеттерінің филиалы ашылуы мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Токионың Орталық Азиямен ЖИ бойынша серіктестік орнатуына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев Жапониямен бірлесіп ауыл шаруашылығын зерттейтін платформа құруды ұсынды
Мемлекет басшысы орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Қазақстан мен Жапонияның атом энергетикасындағы серіктестігіне тоқталды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ресурс әлеуетін Жапонияның атом энергетикасы саласындағы үздік технологияларымен ұштастыру тың мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеруде жапон инвестициясын тартуға мүдделі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Жапонияның Ақтау портына қатысты шешімін құптады
Мемлекет басшысы Жапония үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Президенттің Жапонияға сапары: 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарына алдын ала квоталар алды
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған квоталардың қашықтықтар бойынша алдын ала бөлінісін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Сирияда әскери қарсылық операциясын бастады
Америка Құрама Штаттары Сирияда әскери операция бастап, Ислам мемлекетінің (ДАИШ) позицияларына соққы берді. Бұл операция Пальмирадағы америкалық әскерлерге жақында жасалған шабуылға жауап болды. Бұл туралы Пентагон хатшысы Пит Хегсет сенбі, 20 желтоқсанда хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медқызметкерге қол көтеру – енді ауыр қылмыс
Енді елімізде медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер қатаң жазаланады. Күні кеше Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. BAQ.KZ тілшісі осы орайда дәрігер пікірін тыңдады.
-
Қонаев қаласында медициналық университет салынады
Алматы облысының Қонаев қаласында медициналық университет бой көтермек. Жобаға қатысты барлық құжат дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болгарияда әділ сайлау мен сот реформасын талап еткен наразылық акциясы жалғасуда
Болгарияда ауқымды наразылықтар тоқтаусыз жалғасуда: ондаған мың адам София мен басқа да ірі қалалардың көшелеріне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Грекия жағалауында ауқымды операциядан кейін 500-ден астам мигрант құтқарылды
Грекия билігі Frontex және жақын маңдағы кемелермен бірлесіп, Гавдос аралының жағалауында 545 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасай отырып. Жағалау күзеті жұма күні таңертең апаттық қоңырау қабылдады, бұл ауқымды іздеу-құтқару операциясын бастауға себеп болды.
-
Бельгияда Наполеон Бонапарттың сақинасы ұрланды
Бельгияның Женап қаласындағы "Наполеонның соңғы штаб-пәтері" мұражайы сәрсенбі, 17 желтоқсан күні кешке тоналған, деп хабарлайды BAQ.KZ RTBF телеарнасына сілтеме жасап.
-
Тоқаев "Орталық Азия-Жапония" саммитіне барды
Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитіне қатысуға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арзан шыршаға қызығып, ақшаңыздан айырылып қалмаңыз! - ІІМ тұрғындарға ескерту жасады
Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Әлеуметтік желілерде бағасы арзан шыршаларды сату туралы хабарламалар пайда болады. ІІМ осы орайда тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен АЭХА атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
18 желтоқсанда Венада АЭХА штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі делегациясы АЭХА Бас директорының орынбасары Хуа Люмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз киік мүйізін экспорттауға мүмкіндік алды
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтып отыр. Десе де, экспорт шектеулі партиялар арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
30 желтоқсанда Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады
Air China әуе компаниясы Қытайдың Чэнду қаласы мен Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы арасында биылғы 30 желтоқсанда алғашқы тікелей әуе рейсін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция ескертеді: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдардың сөмкесі мен сәлемдемесін тасымалдаудан бас тартуға үндеді. Полицейлердің айтуынша, мұндай заттардың ішінде заңсыз қару-жарақ, есірткі немесе басқа да тыйым салынған бұйымдар болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 желтоқсанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх