Все новости за 21 сәуір 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Батыс Қазақстанда құтқарушылар адамдарға моторлы қайықпен көмек көрсетті
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында құтқарушылармен және жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықта адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Панкратионнан ел чемпионаты мәресіне жетті
Астанада "Аспан" спорт кешенінде панкратионнан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті
Астанада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қарағандылық ғалымдар вирусқа қарсы медициналық маска жасап шығарды
Бөкетов университетінің ғалымдары үш қабатты медициналық маскалар үшін тұрақтандырылған күміс нанобөлшектері бар арнайы мата материалын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
Батыс Қазақстанда саяжай тұрғындары эвакуацияланды
Батыс Қазақстанда іздестіру-құтқару жұмыстары барысында су басу аймақтарынан ТЖМ күштерімен саяжай учаскелерінің 60-тан астам тұрғыны металл жүзу құралдарымен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оралды су басу қаупі жоқ
Бұл туралы БҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 103 млн теңге төленді
Бұл сомаға материалдық шығын мен бірреттік әлеуметтік төлем көлемі қосылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейдің орталық стадионы толықтай қайта жаңғыртылады
Семейде жайлы ортаны дамыту шеңберінде құрылыс жұмыстары, жолдарды ағымдағы жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысында соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңге беріледі
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мамыр айындағы мерекелерді атап өту мәселелерін талқыланған мәжілісте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында 2 миллионға жуық ағаш егіліп жатыр
Жаңаарқа ауданының Қараағаш орманшылығында 1 миллион 700 мың түп қарағай егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Самара-Шымкент" автожолының бір бөлігі жөнделіп бітуге жақын
Түркістан облысында «Самара-Шымкент» бағытына кіретін республикалық маңызы бар автожол учаскесінде ағымдағы ұстау шеңберінде автомобиль жолын жөндеу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 99 жастағы соғыс ардагері тұрады
Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да "Жезқазған-Петропавл" автожолын қалыпқа келтіруде
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мамандары республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Үлкен жетістік". Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында ер азамат жолда әйелін бостандырып алды
Ертіс өңірінде жедел-жәрдем станциясының диспетчері перзентханаға барар жолда толғағы келген 35 жастағы әйелді бостандыруға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
-
Қазақстандықтар бір аптада 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмысын жүргізді
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Іле Алатауында екі турист құтқарылды
2024 жылғы 21 сәуірде сағат 8:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан құрылған жедел тобы және кинологиялық есебі екі туристке көмек көрсету үшін Медеу ауданындағы тауға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерді су басу қауіп төніп тұр - Қазгидромет
Қазгидромет өкілі Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 409 см-ге жетті
Төтенше жағдай орын алғалы Атырауда Жайық өзенінің деңгейі әрбір 4 сағат сайын өлшенуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-ға Ақтөбе облысынан қосымша құтқарушылар мен әскерилер жіберілді
Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағалауын және Орал қаласының шеткі бөліктерінде орналасқан елді мекендерді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орал маңындағы саяжайлардан кетуден бас тартқан тұрғындар шұғыл эвакуациялануда
Орал қаласының маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық параспортшы Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды
Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданында жағаны нығайту жұмыстары жүруде
Ақтөбе облысы аумағында ахуал тұрақталды. Қазіргі уақытта тек Ырғыз ауданында ғана жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО аудандарында қар қоры мен ондағы судың мөлшері төмендеп келеді
ШҚО-да жағдай тұрақты. Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты өңірде су тасқынының екінші толқыны басталды. Бүгін қар жамылғысының ауданы ШҚО-ның 44% құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-ға 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізілді
15 сәуірден бері өңірде Ақмола облысынан аққан суға байланысты су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде республикалық маңызы бар бірқатар автомобиль жолы ашылды
2024 жылғы 21 сәуірде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматылық волонтерлер 430 тонна гуманитарлық көмек жинап, өңірлерге жіберді
Алматы қаласының волонтерлік фронт-офисінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункті жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқынынан зардап шеккендерге заң қызметтері тегін көрсетіледі
Ұлттық волонтерлік желі тегін заң қызметтерін көрсету акциясын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны: Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жіберу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Өзбекстан үкіметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін - Мемлекеттік күзет қызметі күні
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Жайық өзенінің деңгейі 852 см-ге жетті
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысының Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңір әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Болжам бойынша еліміздің басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны: Өз үйіне 22 мыңнан астам адам оралды
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінде туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні
Қарулы күштердің бұл ауқымды түрі 1993 жылы сәуірде Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпыәскери армиясының базасында құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
21 сәуір, жексенбі күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайықтың жағдайы: өзен деңгейі қауіпті межеге жақындады
Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады. Кеше 832 сантиметрге жетті. Су басу қаупі бар Курени, Коминтерн, Самал, Жас натуралистер станциясы аудандары мен Елизаров көшесінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада алтыншы аудан құрылуы мүмкін
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елордада алтыншы аудан құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметкерлер алдын алу шараларын жүргізуде
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы су тасқынының алдын алып, тиісті жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды
Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды
-
Оралда саяжай тұрғындары эвакуацияланды
Құтқарушылар мен жұмылдырылған күштер саяжай тұрғындарын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орал қаласында бөгетті нығайтуда
Оралда "Ет комбинаты" шағын ауданында бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Спорт пен тазалық: Астанада қоқыс жинаудан экомарафон өтті
Елордадағы Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экомарафон өтті. Марафонда тұрғындар 4 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Нариман Курбанов Олимпиадаға барады
Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде Нариман Курбанов Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Үстірт» қорығының аумағы ұлғаяды
«Үстірт» табиғи қорығының аумағы 639 мың гектарға ұлғаяды. Маңғыстау облысында «Оңтүстік Үстірт» кластерлік учаскесі» деп аталатын аумақты құру жұмысы, былтыр басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх