Қарағандылық ғалымдар вирусқа қарсы медициналық маска жасап шығарды

21 Сәуір 2024, 22:15
360
Бөлісу:
Қарағандылық ғалымдар вирусқа қарсы медициналық маска жасап шығарды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бөкетов университетінің ғалымдары үш қабатты медициналық маскалар үшін тұрақтандырылған күміс нанобөлшектері бар арнайы мата материалын жасап шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серік Фазыловтың айтуынша, өкінішке қарай, бүгінгі күні медицина саласында вирусқа қарсы айтарлықтай әсері бар тиімді препараттар жоқ, өйткені қазіргі заманғы препараттың көбі вирустардың көбею процесін тежегенімен, оларды толығымен жоя алмайды.

Ғалым пандемия кезінде инфекцяның таралуын алдын алу мен одан қорғанудың ең қарапайым және тиімді шараларының бірі медициналық маска кию болғанын атап өтті.

Алайда бұл микробтардың енуінен құтқармайды, осы тұста біз тиімді өнімдерді атап айтсақ, ерітінділер, аппликациялар және т.б. түріндегі әртүрлі күміс қосылыстары бар арнайы мата материалын жасап шығаруды шештік. Олар ежелден бері халықтық медицинада бактерияға және вирусқа қарсы қолданылған, бірақ антибиотиктер "дәуірінің" басталуымен металдық байланысы бар қосылыстар назардан тыс қалды. Қазіргі таңда күміс, мыс және селен нанобөлшектерін қолдана отырып, дәрі-дәрмек әзірлеу қайтадан қарқынды жүзеге асуда. Бұл бағытта Бөкетов университетінің ғалымдарымен екі жылдан бері зерттеу жүргізіп келеміз. Тотығуға төзімді күміс нанобөлшектерін алудың тиімді технологиясын құру аясында зерттеу жүргіземіз, - деді Серік Фазылов.

Маскаларда күміс нанобөлшектердің бар-жоғын анықтау үшін электронды сканерлеу микроскопы арқылы тексердік. Алынған нәтижелер көрсетілген үлгілерде наноөлшемді күміс бөлшектерінің болуын растады. 

Сондай-ақ медициналық маска үлгілерінің бактерия мен зеңге қарсы қасиеттері зерттелді, нәтижесінде үлгілердегі бактерия мен зеңге қарсы қасиеттердің жеткілікті түрде жоғары екендігі расталды.

Өзгелердің жаңалығы