Жайықтың жағдайы: өзен деңгейі қауіпті межеге жақындады

21 Сәуір 2024, 08:30
1521
Бөлісу:
Жайықтың жағдайы: өзен деңгейі қауіпті межеге жақындады
Фото: архив

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады. Кеше 832 сантиметрге жетті. Су басу қаупі бар Курени, Коминтерн, Самал, Жас натуралистер станциясы аудандары мен Елизаров көшесінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бау-бақша серіктестіктер тұрғындары үшін қосымша 3 уақытша паналау орыны ашылды. 15 эвакуациялық пунктте 2300 адам орналасқан. Өңірде 1900 тұрғын үй, 3300-ге жуық саяжай учаскесін су басқан. Жайық өзені тасыған кезде Шаған өзені де көтеріліп, "Телеорталық" ауданы маңындағы саяжайларға су жайылды.

Шаған су қоймасының деңгейі 30-65-ті құрайды. Тәулігіне 35 см қосып, кеше таңертеңге Шаған су қоймасының деңгейі 30 метр 30 см болған. Кешегі күнге дейін Шаған ағысы баяу болса да Жайыққа қарата байқалған болатын. Кеше түстен бастап, Жайық деңгейі өсуіне байланысты Жайықтың тасқын суы Шаған өзеніне кіріп, жоғары жаққа аға бастады, - деп мәлімдеді Рауан Құсайынов "ҚАЗСУШАР" РМК БҚОФ директоры.

Өзгелердің жаңалығы