Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

21 Сәуір 2024, 01:38
441
Бөлісу:
Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды
Фото: архив

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.

Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды, - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы