Нариман Курбанов Олимпиадаға барады

21 Сәуір 2024, 02:34
636
Бөлісу:
Нариман Курбанов Олимпиадаға барады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде Нариман Курбанов Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ат снарядындағы финалда Нариман 4-сатыға тұрақтап, ал негізгі қарсыласы Ли Чи Кай (Қытайдың Тайпейі) күміс жүлде алды. Осылайша, жалпы Әлем Кубогының рейтингінде қазақстандық гимнаст 3-сатыда қалады.

Спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама сапынан жазғы ойындар жолдамасын Милад Карими мен Нариман Курбанов алып үлгерді.

Қазір барлығы Қазақстанда 14 спорт түрінен 42 лицензия бар.

Өзгелердің жаңалығы