Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды

21 Сәуір 2024, 06:28
8096
Бөлісу:
Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды
Фото: скрин

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың туындысы Брюсельдегі фантастикалық фильмдердің халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz-тің жазуы бойынша «Дала қасқыры» жұмысы «халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды. 40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады. Биыл онда 60 туынды көрсетілген.

Енді «Дала қасқыры» менің сүйікті фильмдерімнің тізімінде болады. Маған қатты ұнады. Әрбір кадры – нағыз туынды. Әйгілі шебер Иероним Босхтың суреттерін көріп отырғандай сезімде болдым. Режиссердің бұл жұмысы қазақстандық киноны жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын. Көруге тұрарлық туынды. Рақмет, Қазақстан! – деп жазды фестивальдің баспасөз менеджері Джонатан Ленаертс.

Өзгелердің жаңалығы